Home » Мақалалар » «Қош келдің, Әз – Наурыз»

«Қош келдің, Әз – Наурыз»

Корганбаева Алия Мураткановна
Алматы қаласы  Алатау ауданы
№156 жалпы білім беретін мектептің
тарих пәнінің мұғалімі

Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде  елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мейрамы ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдамаға сәйкес ұлттық рухани құндылықтарға негізделген «Наурызнама» онкүндігі өтуде.

Осыған  орай      Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты №156 жалпы білім беретін мектепбімізде әр күні қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық болмысын ашып көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

    2024 жылы 20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама» онкүндігі аясында Б.Нугыманова жетекшілік ететін тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен және мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен    «Қош келдің, Әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт жоғары дәрежеде өткізілді.
Мерекелік іс-шара сәттілік пен бақ беруші, бақыт сыйлаушы Қыдыр атаның батасымен ашылып, той думан шашу шашумен жалғасты.

     Шашу- қазақ қоғамында қуанышты сәттерде жасалатын салт. Ер адам шашу шашса рухы төмендейді деп ырымдайды. Әйелдер шашу шашса, қуаныш арт-артынан жалғасады деп сенеді. Шашуды әдетте жасы үлкен, елге сыйлы әйелдер, әжелер шашады.

Мектебіміздің   директоры Темиргалиева Манар Бидахметқызы  сөз алып, барлық оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Концерт барысында музыка пәнінің мұғалімі Аяпбергенов Болат жетекшілік ететін вокал үйірмесінің оқушылары ән шырқап, «Айнұр» би тобының бишілері мың бұрала билеп, өнерлерін ортаға салса, тарих пәнінің мұғалімдерінің орындауындағы халық әні «Дедім, ай-ау» көпшіліктің көңілінен шықты.

    Сонымен қатар концерт барысында  тарих пәні мұғалімдері мен бастауыш сыныптың бір топ  мұғалімдерінің қатысуымен көрісу, сырға салу,тұсау кесер рәсімі көрсетілді.

     Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.

«Жасың құтты болсын!
Өмiр жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлiк ақты болсын!
Ұлыс береке берсiн!

Осындай ақ тілекпен   14 наурыз күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

     Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімнің бірі-тұсау кесер. Ырымшыл қазақ тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп, бала тәй-тәй басқанда тұсауын кескен. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық.

Тарихшы мұғалімдер ән салып, өлең оқып, наурыз мейрамы кезінде орындалатын дәстүрлер туралы айтып берді. Бұл мейрам барлық қатысушыларға қуаныш,  бақыт, рахат сезім сйлағаны сөзсіз.

Әр көктем сайын шуақты Наурыз мейрамын тойлау бұлжымас дәстүрге айналды. Тарихы тереңге бойлаған мейрамның халқымызда алар орыны бөлек. Наурыз мейрамы ұлты мен дініне қарамайтын, барлық этносты біріктірген мерекеге айналғаны қашан.

Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі, күн мен түннің теңелуімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы. Ол терең философиялық мағынаға ие. Бұл жаңа өмірдің, жаңа үміттің, махаббат пен достықтың мерекесі. Биыл сіздерде бәрі жақсыға жаңарсын деп тілеймін. Әр үйге бақ пен береке орнасын. Баршаңызға қуаныш, шаттық, мықты денсаулық тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.