Home » Айтарым бар » №185 мектеп Наурыз мейрамын тойлауда

№185 мектеп Наурыз мейрамын тойлауда

Наурыз мейрамын тойлауды ұйымдастыру туралы  2024 жылғы жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнаманың» әр күні жекелеген тақырыптар мен құндылықтарға бөлінген.  «№185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке-жеке аталып өтілетін әр күннің мән-мағынасы қазақ халқының мәдениеті мен салт -дәстүрін, әдет-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтап ,өз деңгейінде өтті. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектеп  ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп кезінде қалыптасады. Бұл орайда, ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп , «Наурызнамада» белгіленген «Ұлттық спорт» күнінде   500 оқушы бір мезетте   ұлттық  ойынымыздың бірі –асық ату ойынын ойнатуды жоспарладық.Ұжым мүшелерімен бірігіп өткізілген наурыз мерекесінде ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі – асық ату ойынына қатысқан 250 ұл,250 қыз балалардың аралығында өткізілген ойын көптің көңілінен шықты. Асығы алшысынан түсіп,белсенді қатысқан  жеңімпаз ойыншылар «Көз мерген», «Қол мерген» , «Сұр мерген»  атанып, жүлделі орындарға ие болды.

   

Күні бойы ұялы телефон алдында отырған бала мен күні бойы асық ойнаған баланың айырмашылығы жер мен көктей.  Асық ойынында оқушылар жүйке жүйелерін шыңдайды,  дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа үйренеді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды,адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан жете бермейді. Асық ату  ойынының қазіргі кезде өсіп келе жатқан  жас ұрпаққа пайдасы өте зор.Неге десеңіз, асық ойнаған кезде денедегі бұлшықеттердің бәрі қозғалып, 62 тамырдың бәрі жұмыс жасайды. Біздің білім ордамызда өткізіліп жатқан үйірмелер ішінде «Асық ату» үйірмесі 5 топтан құрылған.Алдағы уақытта   бұл топтардың санын көбейтіп, барлық білім алушыларды асық атуға қызығушылығын арттыруды  жоспарлап отырмыз.
    

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың адами қасиеттерін жоғалтпайық десек, ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, жандандыра түсуді қолға алайық.

«№185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директоры
Кержикеева Данагүл Рысбайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.