Home » Мақалалар » Ата- ана балабақша

Ата- ана балабақша

Байтелиева Улжан Серикбаевна,
Қызылорда облысы. Шиелі ауданы,
№9 «Жансая бөбекжай бақшасы» КМҚК.
Сарапшы санатындағы әдіскері

Ата- ана балабақша (Бейімделу кезеңі)
Балабақшаға алғаш келген бала, ата анасында да іштей күйзеліспен уайым болатыны сөзсіз. Алайда ата-ана, тәрбиеленуші және тәрбиеші жақсы қарым-қатынас орнатып балаға дұрыс бағыт пен қолдау жасаса барлығы біз ойлағаннан әлде қайда жеңіл болары сөзсіз.
Мен сіздермен өз тәжірибемді бөлісіп, бейімделу кезіңіне бірнеше кеңестер айта кетсем
1. Ата-аналарға баланы қандай жақсы балабақша және онда қанша дос табуға болатындығы туралы әңгімелерден көрі, балада балабақшаға бару ата – ананың жұмысы сияқты әрекет екендігі туралы әсер қалдырған дұрыс. «Бала таңертеңнен кешке дейін белгілі бір әрекеттерді орындайтынын түсінгенде, ол жалпы шеңберге еніп, қоғамдастық сезімін сезінеді».
2.Кейбір балалар үшін балабақшадағы алғашқы күндер өте тегіс және өте тез өтеді, ал басқалары үшін балабақшаға бару өте үлкен сынақ болады. Мұндай сәтте ата-анадан көп қолдаумен, шыдамдылық күш-жігерді талап етеді. Бұл оқиға барлық отбасылар үшін өте маңызды, өйткені балабақша әдетте баланың ата-анасынан физикалық түрде бөлініп, бүкіл күнін мүлдем басқа, бейтаныс ортада өткізетін бірінші орын болып табылады.
3. Ата-аналар баланы басқа, әдетте бейтаныс адамға бергенде, мазасыздық өте жоғары болады. Мазасыздықпен бірге бірқатар сұрақтар туындайды: балаға дайындалуға қалай көмектесуге болады, ол сонда көңілді бола ма, достар таба ма, уақытында тамақтана ма, жақсы ұйықтай ма? Деген сұрақта мазалайды. Алайда мен ата- анаға айтар едім . Сіз тек балаға қолдау көрсете отырып балабақшаға бейімделуіне уақыт беруіңіз қажет.
4. Егер Ата ана балабақшаға сенімсіздік танытса немесе тәрбиешіге бала оны сезе отырып ақпаратты қабылдайды және келесі күні оны сол балабақшаға апарады. Яғни мұндай жағдайда бала балабақшаға келуден бас тартады.
5. Ата- ана балабақшадағы тәрбиешісімен жылы қарым-қатынас орнатуға кеңес беремін. Ата-ананың мұғаліммен қарым-қатынасын көріп, бала да оған сенуге және жақсы тіл табысуға бейім болады.
6.»Егер Сіз мұғаліммен жылы қарым-қатынас орната алмасаңыз, кешке туыстарыңызға немесе достарыңызға мұғалімге қандайда бір себептермен риза емес екеніңізді айтпаңыз. Егер қандай да бір кедергі болса, тікелей тәрбиешіге барып сөйлесеңіз
7. Ата- ана балаға балабақша туралы қандай түсініктер қалыптастыру тиімді. «Бала балабақшаға бару ата — анасының жұмысы секілді жұмыс деп түсіндіру қажет. Немесе тәтесі мен ағасының мектебі сияқты екенін түсіндірсе жағымды әсер қалдыруы керек. Бала отбасылық іс-шараларға қосылып, «жұмысқа» барады. Бала таңертеңнен кешке дейін белгілі бір әрекеттерді жасайтынын түсінгенде, ол жалпы шеңберге еніп, осылайша қоғамдастық сезімін сезінеді. Содан кейін бала аз көңіл бөледі және отбасының барлық мүшелері бір нәрсені істеп жатқанын түсінеді – олар жұмысқа барады» деген ұғыммен балабақшаға бейімделуі тез әрі оңай болады.
Міне жоғарыда атап айтылған кеңестерді ескере отырып баламен жұмыс жасап қолдау көрсетілген уақытта бала балабақшаға тез үйреніп кетуі әбден ықтимал.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.