Home » Мақалалар » Бастауыш сыныптарда «Кітап оқуды ұнатамын» атты авторлық бағдарлама енгізудің тиімдігі  

Бастауыш сыныптарда «Кітап оқуды ұнатамын» атты авторлық бағдарлама енгізудің тиімдігі  

Нұр-Сұлтан қаласы
№ 65 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухамеджанова Шолпан Ермекбаевна 

« Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»

 Абай Құнанбаев

Кітап оқу — адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті.

Білім бастауы бастауыш сыныптан әдеби кітаптар оқуға баулу баланың  алғыр ойлауына, ішкі барлық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Ертегілер арқылы бала бойында адамдық қасиеттер дәнін егу мақсатында мазмұнын сахналау сияқты рөлдік ойындар бала санасында жақсы сақталады.  мазмұнын біршама айтып беруге дағдыланады. Кітапты ұсынбастан бұрын бала бойындағы қызығушылықты ояту. Қызығушылық болған жағдайда ғана балалар өзінің сүйікті кітаптары мен жазушыларын тауып алары сөзсіз. Өздігінен ізденуге көмектесу мақсатында балалардың оқу шеңберін анықтап, талдау бойынша оқушылар ертегі,  баланы көптеген оқу қалалық  байқауларға  қатыстырып, өлеңдер шығаруға  қызығушылығын арттыру. Баланы кітап оқуға үйрету үшін, ең алдымен ата-аналарға кеңес беру керек. Баланы кітапқа қызықтырудың бірден бір жолы –шығарманы жатқа мәнерлеп оқу және ата-аналарымен бірге көркем әдеби кітапты оқып, отбасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ету.

Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітаптан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Оқушылардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында білім сүйсең, кітап оқы күн сайын, Кітап сенің айналады досыңа. Талаптансаң үйренуге ұмтылып, Кітап оқуды ұйымдастыруда оқушының жас ерекшелігі де ескеріледі, ерекше анық түсті бояулармен көркемделген кітаптарға қызығушылық танытып, кітаптың ішіне көз жүгірте бастайды. Көзі ашық ,көкірегі ояу,ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал-балалардың кітап оқуы.

Кітап — ол дос, жұбатушы,  белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.

One comment

  1. Гүлбану

    Өте құнды авторлық бағдарлама деп есептеймін. Кітап оқуға жас кезінен оқушыларды бағыттап үйретуіміз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.