Home » Мақалалар »  «CLIL» — ҮШТІЛДІЛІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

 «CLIL» — ҮШТІЛДІЛІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Бағланұлы Рауан,
Шона Смаханұлы атындағы
№44 орта мектебінің ағылшын тілі
пәні мұғалімі, Тараз қаласы

Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Сапаға жетелейтін, оны қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті. «Әлеуметтік — экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы тырнақ алды маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесінің тиімділігін ғылыми тәсілдер арқылы және оқытушы-әдіскерлердің ғылыми-әдістемелік ұстанымдарындағы ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне мыналар жатады: тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы; пәндерді кіріктіру; пқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау; тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру; осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын   дамыту; жаңа пәндерді енгізу; жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу; бағалаудың критерийлік жүйесі; сын тұрғысынан ойлау; білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу; зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру.

Осылайша, үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс-тәсілдеріне келсек, пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі, командалық оқыту және тілдік ортаға енуді атауға болады.

Командалық оқыту әдістеменің үштілдік білім беру саясатына әсері. Үш тілде білім беру реформасын жүзеге асыру – әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын. Жаңартылған білім мазмұны аясында пән мұғалімдерінің СLIL (Content Language Integrated Learning) технологиясы арқылы үштілділік саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен танысады. Әр сабақта оқушылардың танымдылық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақтың түрлі кезеңінде оқушылардың үш тілде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудағы белсенді оқыту стратегияларын көрсетті.

Қазіргі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісімен өткізілген ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда  түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.

Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілін оқыту метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, интернационализациялау, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге  – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы.  Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің жауапкершілікпен атқаратын міндетінде. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында өзгерістерді талап етіп отыр. Ал білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.

АКТ мүмкіндіктері арқылы, мұғалім мен оқушылардың тікелей сабақтағы есеп шығару, мәтіннің ішінен формуласын тауып жазу, нүктелердің орнына лайықты термин сөздерді жазу, тыңдалымға арналған бейнематериалдарды бірлесе көру, сонымен байланысты тапсырмаларды интерактивті тақтада орындау сияқты іс-әрекеттерді көре алды. Елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарас пайда болуын қалыптастырады.

Қорытындылай келе айтарым, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген  адам  әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы  білуі керек» деген  тұжырымында сүйенер болсақ,  «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып  жатқан  өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау  жасай  білетін  маман  болуы  шарт. CLIL әдісінің мазмұны мен құрылымы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді қажет етеді. Себебі, отандық білім беру жүйесінде бұл әдіс инновациялық, жаңа бағыт әрі көптілді білім беру жүйесінінің моделі толықтырылып отыруы тиіс деп ойлаймын. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады: ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.