Home » Білім және өнер » Интернет желісі

Интернет желісі

    Интернет-бұқаралық ақпараттардың ішіндегі ең танымал желісі. Әлемдегі қарым-қатынасты кең ауқымда нығайту үшін арналған. Миллондаған адамдардың қызығушылығына айналған бұл желі, жаңалықтың тез тарату құралы болып саналады. Халқымыз ақпаратты тез әрі оңай жолмен көру үшін пайда болған таптырмас жүйе. Интернет желісі бүгінгі күнге дейін адамзатқа қандай пайдалар әкелді екен? Бірге саралап, атап өтейік. Біріншіден, әлем халықтарымен тығыз байланысты ұстадық, жақын қарым-қатынаста бола білдік. Екіншіден, білім мен ғылымға негізделген жаңа жолдарды біле алдық, болашаққа бір қадам бастық. Үшіншіден, әлемде орын алған ақпараттармен тап сол мезетте таныса алдық. Үйде отырып, біраз мағұлмат біліп, кері байланысқа шығудың өзі керемет мүмкіндік емес пе? Адамдардың заман талабымен өмір сүруі үйреншікті дүниеге айналуда. Интернет арқылы жылы жерде отырып алып, іште жатқан өнерінді  паш етуге болады. Интернет желісі арқылы таныссыз танылғандар туралы білесіз бе? «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әлеуметтік желіде танылған жұлдыздарды қонаққа шақырған еді. Солардың ішінде ең ауыз толтырып айтатын жас бүлдіршіндеріміздің өнеріне қызыға қарауға болады. Ата-әжесімен студияға келген, Нұрмұқамет Талант есімді бала-ел аузында «Қуырмаш ойнайтын бала» деген атқа ие болды. Жас талант иесі өзінің қуырмаш ойнаған видеосы арқылы танымал болған еді. Студияда отырған баланың тәтті қылықтарына көрермен сүйсіне қарады. Әжесінің айтуынша баланың тілі 3 жастан асқан уақытында шыққан. Пысық бала сахнада өлең оқып беруден де қысыла қойған жоқ. Есесіне үлкен кісілердің, қазақ халқының құттықтау сөздері мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Екінші кішкентай жұлдыз Қызылордалық-Талант Али есімді бүлдіршін әкесімен қонаққа келді. Таеквондошы бала Конор МакГрегордың жүрісін салу арқылы танымал болған еді. Байқасаныздар, Конор МакГрегор өзінің ресми парақшасына баланың тура сол секілді жүрген видеосын жүктеген. Екінші сынып оқушысы бола тұра, спорттан түрлі жетістіктері бар. Өскенде «КонорМакГрегор секілді жұлдыз боламын» — дейді. Талабына нұр жаусын жас жұлдыз! Қазақстанда болашақ таланттар өсіп келе жатыр. Үлкен буын өкілдерінің демеуі мен қолдауы бүлдіршіндердің жарқын болашағына жол ашпақ. Видео тез әрі халыққа өтімді болып, таралып кететінін кім білген? Интернет желісінің арқасында танымал болу оңайға соғып тұр ғой. Неліктен жас таланттарды жасырып қалуымыз қажет? Тағысын тағы осыған ұқсас сұрақтарды әрбіріміз өзімізге қойып көрейікші! Қазақстанның дамуына әрбір азамат жауапты деп білемін. Жұлдыз болуы ғана емес, халықтың рухани жаңғыруына көп септігін тигізбек.

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей
11- ші сынып оқушысы
Арысбекова Нұрай

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.