Home » Айтарым бар » Жемқорлыққа жол жоқ!

Жемқорлыққа жол жоқ!

    Жемқорлық-21 ғасырдың дертіне айналды. Заман емес, адам өзгергенінің әсерінен болар, қылмыстық істер күрт өсіп кетті. Жемқорлыққа қарсылықты өзімізден бастап, өзгелерге үлгі ретінде көрсеткеніміз жөн. Жемқорлықтың түбі-бұлыңғыр, қараңғы болашақты көрсетеді. Көпшілік адамдар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрсем пысық, ақылды боламын деп ойласа керек. Бұлай жеңіл-желпі ойлау надандықпен, артта қалуға әкелмек. Ойлап қарасақ, жемқорлықтың белең алуы надандығымыздан пайда болды. Қазақстанда даму процессі осы себептерден артта қалады деп ойлаймын. Жаңашылдық, көркею кімге болсын керек дүние. Жемқорлықтың елімізде еркін аралап жүруі, халықтың бой көтеруіне кері әсерін тигізуде. Еліміздің рухани құндылығы қайда қалды? Халқымыздың ертеден келе жатқан тәрбиесі жайлы сөз қозғамасақ болмайды. Ар-ұят, намысты биік ұстаған халық емес пе едік. Өтірік айтып, басқа жұртқа еш уақытта күлкі болған емес едік. Қазіргі жағдайымызға үңілсек мәз емес. Тарихтағы ер азаматтарымыз намысшыл, бәсекеге қабілетті болатын. Халық дамуы үшін, дұрыс бағытта түзелуі үшін бәсеке қажет. Бәсеке бар жерде білім, ғылым бар. Білім әрқашанда надандықтан жоғары тұрады. Білімсіздігіміз соншалықты төмен болғаны ма? Неге адал, еліне қамқор азамат пен азаматшалар болып өспеске? Қоғамда жап жас, ақ халатты абзал жандарымыздың жемқорлыққа жол беруінің кесірінен, оның соңы қайғылы қылмыстық істерге алып келуде. Жеке басының қамын ойлаған жас дәрігерлер басқалардың өміріне қауіп төндіруге қаншалықты құқылы? Әрине, біреудің жеке басына зиян келтіруіге ешбір жанның құқысы жоқ. Ақ пен қараны ажырату, жарқын болашаққа қадам басу өз қолымызда. Барлығымыз жемқорлыққа бірге жоқ деп айтайық! Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Елімізде болып жатқан әділетсіздікке көз жұма қарауды доғарсақ. Қоғамда жемқорлықтың орын алуына жол бермей, халықтың адал, білімді, саналы патриотына айналайық.

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей
11- ші сынып оқушысы
Арысбекова Нұрай

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.