Home » Білім және тұлға » Біздің жанашырымыз

Біздің жанашырымыз

Менің бүгінгі жазғалы отырған мақалам әкеден балаға мұра болып қалған әке аманаты десем де болады.

Азырақ артқа шегінетін болсам, 90-шы жылдардың соңында қала маңындағы орыс тілді мектептер жанынан қазақ сыныбын, одан кейін  қазақ мектептерін аша бастаған кезде, осы қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болған Орынғали Ғаллем Галимов ағамыз еді. Көзінің тірісінде «осы мектептің дамуына, аяқтан тұрып кетуіне өзім көмектесем, мен болмай қалсам ұрпағыма аманаттап кетемін. Алмат пен Талғат көмектеседі» деп отыратын. Бүгінде Алмат Орынғалиұлы біздің мектептің сенімді жанашыры. А.О.Галимов Трекин жалпы орта білім беретін орыс және қазақ мекептеріне, «Балдырған» балабақшасына ұдайы демеуші. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасыларындағы мектеп жасындағы балаларды киіммен, оқу құралдармен қамтып келеді. Ауданда және ауылдық округте қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға қол ұшын үнемі беріп отырады. А.Галимовтың қатысуымен елді мекендерге санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 2016 жылы көктемгі су тасқыны кезінде келген суды ұстап қалу мақсатында техникалармен Володар және Трекин елді мекендері аралығында бөгетті салу жұмысын атқарды.

Соңғы жылдары жыл соңында «Үздік мұғалім», «Сынып жетекші», «Жас маман» байқауларына тұрақты демеуші болып келеді. Қолынан келгенше ауыл тұрғындарына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, пенсиянерлерге  жем, шөптерін түсіріп береді. Жаңа жылдық мерекелерге, балаларды қорғау күніне мектеп оқушыларына  сый-сыяпатын төгіп жатады.

А.О.Галимов кәсіби білікті, ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыра білетін басшы. Еңбеккерлігімен алдына қойған мақсаттарға жетуді көздеген табандылығымен ерекшеленіп, еңбек ұжымын іскерлігімен алға жетелеуде. Әріптестері, ауылшаруашылық өндірісінің басшылары, аудан және ауылдық округ тұрғындары арасында үлкен құрметке, беделге ие.

Кітапханашы: А.Кадралиева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.