Home » Мақалалар » Саған керек-3 кітап

Саған керек-3 кітап

   Бірінші кітап – Қуаныш Шонбайдың “Екінші болма”атты кітабы. Кітаптың сыртында “Бизнесте, Карьерада және өмірде, жеңіске, жетудің қазақша жолы”деп жазылған. Мақсатқа жетелейтін қазақи менталитетке тән кітап. Кітапта қазақша бай болудың жолдары, арманға бір қадам басудың жолдары туралы айтылады. Кәсіпке бағытталған мотивациялық қазақ кітаптарының ішіндегі танымалы десем артық емес. Бай болу үшін талап пен шабыт керек делінген. Автор әлемдік ғалымдар мен ойшылдардың сөздерін ескере отырып, кітапқа түсірген. Қуаныш Шонбайдан сұхбат алғанда ол кісі «Тренингте айтылмай қалған дүниелерді кітап арқылы жеткізу ең ұтымдысы» — деп, жауап қатты. Мотивация керек деген бауырларыма арнап жазған туындым дейді. Ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың “мықты болсаң, өзіңді жең” деген сөздерін ақылға сала отырып, өз-өзіңді жеңуге болатыны жайлы да түртіп, айта өтті. Өмірде шектеу қоятын мына өзіміз екендігін, шектеуді жою керекті жайлы әңгімелейді. Әке-шешеміздің аузынан түспейтін, жұрттың балаларына жету жолдарын айшықтап, кітапта көрсеткен.

Екінші кітап – Камшат  Бекжигитованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт” атты кітабы. Білікті журналист болмаса да іштегі талантымен кітапты жақсы деңгейде жазып шыққан. Бұл кітап-автордың өмірдегі қиындықтарымен оқырманға дұрыс бағыт-бағдар көрсетуі жайлы жазылған. Тікелей оқырманға өмірге керек деген сұрақтар қояды. Өміріңді жақсы арнаға өзгерту жолын көрсетеді. Кітапты жазудағы мақсатым – «өз өмірін қиялындағыдай етіп өзгерте алатынын, жалпақ тілмен білген тәжиірбеммен бөлісу» — деп, кіріспе бөлімге жазып қойған. Негізгі идеясы-Өмір сүрудің қарапайым ережелерімен танысу. Автор жолы болмай жүрген жандарға өз білген-түйгенің кітап арқылы  жеткізген. Қиналған сәтте жалқауланып, балгер іздеп кететін адамдарға ақ пен қараны атап өткен. Бақытты болу үшін-ақшаның маңыздылығы зор деген пікірге қосылмаса керек. Бақыт пен жетістікке жету үшін-ниет қажет дейді мотиватор. Ең қызығы-жеке өзінің оқырманға арналған ұсынысы мен тапсырмаларын кітапқа енгізген.

Үшінші кітап – Бақытжан Бұқарбайдың «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» атты кітабы. Кітаптың мазмұны-кәсіпкерлікке бастар жол. Автордың айтуынша, кітапты шығармас бұрын сауалнама жүргізген. Оқырманның сұранысы кәсіпкерлік жайлы болған екен. Жас кәсіпкерлер немесе болашақ кәсіпкерлерге керек туынды болатынын түсінген.Кітаптың ерекшелігі – Марғұлан  Сейсембай, Райымбек Баталов, Нұрлан Смағұлов, Қайрат Құдайберген, Қуаныш Шонбай секілді танымал кәсіпкерлердің тәжірибелерімен танысуға болады. Әрбір кәсіпкердің суреттерін кітапқа енгізген. Бұл керемет туынды кәсіпке қызығып жүрген адамдарға керек кітаптың бірі. Шынымен, ең алғаш кітаптың тақырыбын көрген адам ойланары анық. Қалайша, күнкөріссіз байлыққа жетуге болады? Автордан «Таңшолпан” атты бағдарламада сұхбат алған кезінде былай деген болатын, «Байлық деген-кітап оқу, жұмыс жасап нәтижені көру». Байлықты материалдық құндылық деп ғана көруге болмайды деп жауап берді. Ой түйер болсақ, әрбір адамзат өзінің күнкөріс жолын таба білу қажет.

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей
11- ші сынып оқушысы
Арысбекова Нұрай

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.