Home » Мақалалар » TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері-мектептегі білім беру сапасының индикаторы

TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері-мектептегі білім беру сапасының индикаторы

Павлодар облысы
Аққулы ауданы Мерғалым ауылы
Бекмұрат Уахатов атындағы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі-үлкен көрегендіктің белгісі. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы бүгінде педагогтердің түсінгеніктері мен ұғымдары мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерттеу мұғалімнің міндеті.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парагдимасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Халықаралық білім беру кеңістігінің даму тенденциясының бірі оқушылардың білім нәтижелерін бағалық зерттеуді ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. Олардың мақсаттары әртүрлі және осыған қарай ұйымдастыру әдістемесі, зерттеу ауқымы, тексеру құралдары және т. б. ерекшеленеді. Оқушылардың білімінен күтілетін нәтижелеріне жетуін бағалаудың кеңінен танымал халықаралық зерттеулеріне мыналар жатады PISA (Programmer for International Student Assessment) оқушыларды бағалау бағдарламасы; TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау бағдарламасы; PIRLS (Progress In International Reading Literacy Study) оқу машықтарын бағалау бағдарламасы. Қазақстан халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа сапалы білім беру саясатын құра отырып, 2009 ж. бастап PISA салыстырмалы зерттеуіне қатысады. PISA өзінің құралдарын оқушылардың шынайы өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу үшін білімдерін қолдану қабілеттілігін бағалайтын құрал ретінде пайдаланады. Бұл тәсіл зерттеу  тапсырмаларында үлгіленеді. Зерттеу оқушылардың қалыпты өмір үшін меңгерген дағдыларының құндылығын, іс-қимыл сауаттылығын барынша ауқымды мағынада өзектендіреді. PISA шеңберінде 15 жасар оқушылардың ересек өмірге қадам басуға дайындығы бағаланады. Мемлекеттер PISA зерттеуіне тек ел үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде ғана қатыса алады.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор.

Сабақ барысында педагог АКТ ресурстарын пайдаланғанда оқытудың көптеген жетістіктеріне қол жеткізе алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің пайымдауынша білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын цифрлық білім ресурстарын пайдалану олардың жартылай жұмысын жеңілдетеді. Белгілі бір материалды сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың оқуы қызықты және дәлелді болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай оқыту үрдісін жүзеге асыру мүмкін емес. Оқу  құрылысын  жүйелі  талдау  негізінде  оқушылардың  танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады.

-оқушының мұғаліммен бірге  араласа отырып орындаған әрекеті;

-оқушының дербес іс-әрекет эленттері.

Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

-сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау;

-тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру;

-қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен ірікетеп алу;

-дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;

-сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.

Бастауыш сынып сабақтарында әр тақырып сайын оқушылармен түрлі шығармашылық жұмыстарды мұғалім шеберлігіне қарай ұйымдастырып, түрлендіріп, өткізеді.  Бастауыш сабақтарында компьютерді пайдалану оқу үдерісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеу керек. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеу абзал.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу және ақпаратты сауатты болу талап етіледі.

Қорыта айтқанда, аталмаш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейміз. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. PISA Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. 2013ж.
  2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы
  3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.
  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 ж.
  5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
  6. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS- PEARSON.
  7. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

One comment

  1. Gheuehegejenegyeuisgsvveieo1pjdb
    Hhc

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.