Home » Мақалалар » Жетекші мектептердің онлайн-сабақтарын бақылау

Жетекші мектептердің онлайн-сабақтарын бақылау

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ 
Нұр-Сұлтан қ,
«Педагогикалық шеберлік орталығының»
менеджер-әдіскері  Ш.Е. Калиханова

Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде [1].
Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары қашықтан оқу сабақтарын «оnline» (синхронды, асинхронды) және «offline»  (бетпе-бет) режимінде білім алуда.«Online» режимінде синхронды оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, келіссөздер). «Online» режиміндегі асинхронды оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады [3].

Заман талабына сай білім беру саласы әр күн сайын жаңа өзгерістер мен дамуды қажет етеді. Білім беруде туындаған мәселелерді, өзгерістерді шешуде жетекші мектептердің желілік қоғамдастығының маңызы зор болды. Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда  мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылуда  [2].

Қашықтан оқыту жағдайында Педагогикалық шеберлік орталығы жетекші мектептердің педагогтеріне басқару, пәндік бағдарламалардың мазмұны және бағалау жүйесі, оқу-әдістемелік, зерттеушілік, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және ақпараттандыру бағытында үйлестіру, әдістемелік қолдау  көрсетеді. Әрі қарай жетекші мектептер өз тәжірибелерімен серіктес мектептермен бөлісу негізінде қазіргі қиын мәселелерді шешуде  мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.

Бұл Педагогикалық шеберлік орталығы жетекші мектептерге педаготердің қажеттіліктерін анықтай отырып, үздіксіз әдістемелік қолдау көрсеттендігін білдіреді. Алайда қашықтан оқыту кезінде «Оқушылардың білім сапасы неліктен төмендеді»,-деген басты мәселеге тірелеміз. «Мұғалімдерге білім жетіспейді емес, олардың білімдерін күнделікті  өз тәжірибесіне ұштастыруға қолдау жетіспейді»,-деген Д. Уильям. Сондықтан жетекші мектеп педагогтерінің онлайн-сабақтарын бақылау арқылы қазіргі сабақтардың шынайы келбетін көре отырып, мұғалімдерге қажеттілігіне сай әдістемелік қолдау көрсетуді мақсат еттік [2].

Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығы (бұдан әрі – ББЖО) бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының жетекші мектептерінің мұғалімдеріне кәсіби-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында  2021 жылдың 21-28 қаңтары аралығында онлайн-сабақты бақылау ұйымдастырып, өткізілді.

Ұйымдастыру кезеңі аясында жетекші мектептердің онлайн сабақтарын бақылау кестесі жасалды, сонымен қатар онлайн-сабақтардың бақылау парақтары әзірленіп, бақылау фокустары анықталды.

2021 жылы 19 қаңтарда ББЖО әдіскерлері, жетекші мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, жетекші мектептердің үйлестірушілеріне арналған онлайн-сабақтарда бақылау өткізудің мақсаттары, міндеттері және механизмдерін талқылау мақсатында онлайн кездесу өткізілді.  Кездесуде басты назар іс-шараның әдістемелік сипатта болуына және қашықтық форматында жұмыс істеген кезде мұғалімдердің мектеп тәжірибесінде кездесетін мәселелерді анықтауға бағытталуына, оларға сындарлы кері байланыс беру арқылы әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталды.

Онлайн-сабақты бақылаудың негізгі бағыты мына мәселелерді қамтыды: оқу процесін жоспарлау, білім беру және оқыту (АКТ мүмкіндіктерін қолдану), бағалау. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл төмендегі сұрақтарды қарастырады:

– Мұғалім қашықтан оқытуда не оқытады?

– Оны қалай үйретеді?

– Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектесетін қандай қызметтерді пайдаланады?

Бұл ұстанымдар онлайн-сабақты бақылау формасының негізін қалады. Жетекші мектеп педагогтері Microsoft Teams, Zoom, Google Meet, т.б. платформаларда онлайн-сабақтар өткізді. Тренерлердің сабақтарды бақылауы тікелей онлайн-сабақтарға қатысу және онлайн сабақтарды бақылау барысында жасалған жазбаларын талдау арқылы жүзеге асырылды [4].

Нұр-Сұлтан қаласының жетекші мектептерінің онлайн-сабақтары ұсынылған кестеге (графикке) сәйкес 30 жетекші мектептің  180 онлайн-сабақтарын бақылау жоспарланды.

Іс жүзінде 148 онлайн-сабақ бақыланды: бұл барлық жоспарланған сабақтардың 82,2% құрайды. Онлайн-сабақтар 12 пәннен өткізілді, оның ішінде қазақ тілінде -116 (78 %), орыс тілінде – 32 (22 %).

Онлайн-сабақтарды бақылау жүз пайыз қамтылмауына тренерлердің уақытылы тікелей сабаққа қатысуға жүктемесінің сай болмауы және мұғалімдердің онлайн-сабақ жазбасын уақытылы жазбауы себеп болды. Негізі пәндер толық қамтылды.

Онлайн-сабақты бақылау барысында:

  • «offline» (бетпе-бет) режиміндегі сабақ құрылымы мен  мазмұны бойынша «Online» сабақтан өзіндік ерекшеліктері байқалды;
  • Қашықтан оқыту жағдайында негізінен фронтальды жұмыс түрі және дәріс басым болды.
  • Көп жағдайда сабақта диалог схемасы мына түрде құрылады: мұғалім-оқушы;
  • Мұғалімдер оқу мақсатына сай бағалау критерийлерін, тапсырма дескрипторларын қолданады, ұйымдастырады. Бірақ оқушылар арасында өзін-өзі бағалау, өзара бағалау байқалмады;
  • Барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар саралауды ескерместен ұсынылды;
  • Оқушылар мен мұғалімдердің онлайн сабаққа қатысуы және жүргізу үшін АКТ дағдыларын меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді;
  • Кейбір мұғалімдер сабақтарында АКТ мүмкіндіктерін шебер қолдана білді;
  • Онлайн-сабақтың артықшылығы бақылау орнының тәуелсіз болуы, сабақ жазбаларын қарау, дерек жинау мүмкіндіктерінің болуы;
  • Онлайн-сабақтардың кемшілігі интернет жылдамдығына, техникалық құралдарына тәуелділік және қарым-қатынастың шектеулігі болды.

Онлайн сабақтарды өткізген мұғалімдердің сапалық құрамы мынандай болды:

  • педагог-шебер – 29 (19,5%),
  • педагог-зерттеуші – 89 (60%),
  • педагог-сарапшы – 11 (7,5%),
  • педагог-модератор – 3 (2%),
  • мұғалім -16 (11%).

Бұл көрсеткіштерден жетекші мектеп педагогтерінің «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» категориясы бойынша онлайн-сабақтарын бақылау жоспарланғанымен «педагог-сарапшы», «педагог-модератор», «мұғалім» категориясындағы мұғалімдерінің ерікті түрде атсалысқанын байқауға болады. Ерікті жас педагогтер өз сабақтарында АКТ мүмкіндіктерін шебер қолданды. Бұдан жас маман мен тәжірибелі маман арасында тепе-тең жағдайда тәлімгерлік жүргізуге болатындығын көрсетеді. Яғни жас мамандардың АКТ мүмкіндіктерін пайдалануы бойынша тәжірибе тарату, бірін-бірі оқыту  іс-шараларын ұйымдастыруға болады.

2021 жылдың 15 ақпан күні ПШО мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ББЖО әдіскерлеріне онлайн-сабақты бақылау нәтижелерін талдау және әдістемелік қолдау бойынша ZOOM платформасында вебинар өткізілді.

Вебинар барысында:

  • Нұр-Сұлтан қаласы жетекші мектеп педагогтерінің онлайн-сабақтарын бақылау нәтижелері талқыланды, ұсыныстар берілді;
  • мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіндегі дамытатын тұстары қаралды;
  • әдіскерлерге онлайын-сабақтарды бақылау, сындарлы кері байланыс беру бойынша кеңестер берілді.

Вебинарда ББЖО әдіскерлеріне онлайн-сабақтарды бақылау нәтижелері баяндалды, талқыланды, мұғалімде барлық оқушыларды оқу үдерісіне тарту, қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс беру дағдыларын жетілдіру бойынша вебинарлар топтамасын өткізу келісілді. ББЖО әдіскерлеріне ПШО тренерлері «Онлайн сабақтарды бақылау: мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіндегі дамыту тұстары» тақырыбында  шеберлік-сағатын өткізді.

Онлайн-сабақты бақылау нәтижелері бойынша мұғалімдерге қашықтан оқыту бойынша ұсыныстар және үлкен қиындық тудырған «Қалыптастырушы бағалау»,«Барлық оқушыларды белсенді оқуға тарту»,«Қашықтан оқытуда кері байланысты ұсыну» тақырыптарында вебинарлар әзірленді. Мұғалімдер өз сабақтарында АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмау себепті, барлық оқушыларды сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етуде қиналады. Мұғалімдердің АКТ дағдыларын дамыту бойынша келешекте вебинарлар топтамасын өткізуді қарастырып отырмыз.

Сонымен, жетекші мектептердің онлайн-сабақтарын бақылаудың жоспарлау, білім беру және оқыту, бағалау, АКТ мүмкіндіктерін қолдану бағыттары бойынша мынандай қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға болады:

Жоспарлау
БақыландыМұғалімдерге ұсыныстар
ҚМЖ құрлымы, кезеңдері сақталған;

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері оқу мақсатына сай құрастырылған;

Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктері және онлайн сабақ өткізуге қойылатын талаптар ескерілді.

Жоспарда оқушыларға оқу мақсаттарына сәйкес келетін тапсырмалар, сабақ тақырыбын ашуға алып келетін пікірталас сұрақтары, презентацияларға, бейнероликтерге сілтемелер берілді.

Барлық оқушыларға оқу процесінің белсенді қатысушылары болуға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдер туралы ойланыңыз.

Онлайн режимінде топтық талқылауды жоспарлау маңызды. Топта, жұпта жұмыс істеуге арналған жадынама әзірлеу.

Сабақты жоспарлау кезінде сынып мүшелерінің қарқынына, жылдамдығына және оқу мәнерлеріне негізделген оқытудың саралауды қарастырыңыз.

Жоспарлау кезінде оқу мақсатының сабақтың міндеттері мен ресурстарымен байланысын қамтамасыз етіңіз.

Сабақтың логикалық аяқталғаннан кейін дәлелді рефлексияның ұйымдастырылуын ескеріңіз

 

 

 

Білім беру және оқыту
БақыландыМұғалімдерге ұсыныстар
Қашықтан оқыту жағдайында негізінен жалпылама (фронтальды) жұмыс түрі басым.

Жаңа тақырыпты игеру көбінесе мұғалімнің баяндауына негізделеді. (Дәріс басым)

Көп жағдайда сабақта диалог схемасы мына түрде құрылады: мұғалім-оқушы, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы үшін жағдайлар жасалмайды. Мұғалім сұрақтар қояды, оқушылар оларға жауап береді, алайда жауаптарда ешқандай дәлел жоқ.

Шағын топтарда тақырыптың негізгі мәселелерін талқылауға арналған жұмыс бар, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге немесе мәселені шешуге ықпал етеді, бірақ барлық оқушылар оқу процесіне кірмейді (кейбіреулер үнсіз қалады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бермейді).

Мұғалімдер әрдайым тапсырмаларға нақты нұсқаулар бермейді, оқушылардың бұл нұсқаулар туралы түсінігін анықтай бермейді.

Мұғалімдер оқушыларды сабақтың мақсатына жету, оның ішінде оқыту мен оқу үдерісіне қатысты пікірталастарға тартуы керек.

Барлық оқушыларды оқу үдерісіне тарту үшін оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдерін қолданыңыз, бұл сізге бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа идеяларды талқылауға, пікірлер мен идеялармен алмасуға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.

Барлығы жағымды қарым-қатынас жасай алатын және оқу қарқынын құрметтейтін етіп бірлескен оқу ортасын құру бойынша жұмыс жасаңыз.

Сабақта (презентацияда) пайдаланылатын ресурстар құрылымды, әр оқушыға айқын көрініп, оқу мақсатына сәйкес таңдалуы керек.

Оқыту әдістері оқушылардың оқуға деген ынтасын дамытуға бағытталған болса.

 

Бағалау
БақыландыМұғалімдерге ұсыныстар
Мұғалімдер бағалау кезеңін сауатты жоспарлайды, оқушыларға формативті бағалау жүргізілетін тапсырмалар, дескрипторлар ұсынады.

Жауаптарды салыстыру арқылы өзара бағалау.

Сабақ соңында мұғалімдер кері байланыс жасайды, ең белсенді оқушыларды белгілейді.

Оқушылардың жауаптарын мұғалімнің берген жауаптарымен тексеру арқылы тест нәтижелерін талқылайды.

Оқушылар нені білді, қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды, сабақта не ұнады, нені жақсарту керек деген ойларға қызықтыратыны байқалады.

Бағалау критерийлері, дескрипторлар негізінде қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру процесін үнемі жетілдіріп отыру:

–         дескрипторлар негізінде сындарлы кері байланыс беру;

–         өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға оқушыларды тарту;

–         жүйелі рефлексияға қатысу: сабақтағы білім жетістіктері туралы ой жүгірту.

 

  

АКТ мүмкіндіктері
БақыландыМұғалімдерге ұсыныстар
Жетекші мектеп педагогтері: Microsoft Teams, Zoom, Google Meet платформаларында онлайн-сабақтарын өткізді.

Көпшілік педагогтер сабақтарында тек презентация қолданды, кейбірі аудио, видео және Padlet.com,  Flippity.net.com, BilimLand.kz, Jambord.com, Quizlet.com, Liveworkcheets.com, Quizizz.com, Onlinmektep.com, Google.forms.com, www.biblimland.kz  платформаларын, құралдарын қолданылады.

Платформалардың мүмкіндіктері болғанмен, іс жүзінде топтық талқылаулар өте сирек кездесті.

Сабақтың презентациясына қосымша сілтемелерін, видео ресурстарды қосу.

Жобаларды, тапсырмаларды бірлесіп, талқылап орындауға қатысу үшін АКТ мүмкіндіктерін, құралдарын тиімді   пайдалану.

 

 

Онлайн-сабақтарды бақылау нәтижесінде қашықтан оқытуда туындаған басым бөлігі педагогикалық мәселелер және педагогтердің қолданатын платформалар мен құралдардың мүмкіндіктерін пайдалану дағдылары деген ой қорытындылауға болады.

Қашықтан оқытуды күрделі процесс деп санамауымыз қажет. Қашықтан оқыту – шексіз білім алу кеңістігі. Қазіргі білім беру платформалары мен құралдарының болуы материалды зерттеуді ұйымдастыруда және оның дамуын бақылауда мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Тек дұрыс материалды таңдап, барлық оқушыларды қамту өте маңызды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек https://www.akorda.kz/kz
  2. «Исследовательская основа методической поддержки педагогами ведущих школ Республики Казахстан» мақаласы, Білімді ел – образованная страна. Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті. − №7 (261) 16.02.2021 ж. – 20 б.
  3. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы: АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.
  4. «Сабақты қашықтан бақылау: Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибесінен» мақаласы, «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журнал. − №2 (32) 2020. − 24 б.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.