Home » Мақалалар » Туған жер – Отан туралы

Туған жер – Отан туралы

«Туған жер – Отан туралы» тақырыпқа
мақал-мәтелдердің негізінде заманауи месседж

Түйінді идея: Рухани жаңғыру –  болашаққа бағдар. Рухани жаңғырудың жарқын жолы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы бағдарламасы бойынша «Туған жер – Отан туралы» атты РПЗС-20-6 оқу тобы студенттерінің  арасында зумда эдвайзерлік сағат өтті.  Алға қойылған мақсат –  Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

 Қазақ халқының өміріне еніп, өмір салтына айланған дәстүрлер ұлттық бірегейлігімізді сақтау үшін өте маңызды. Рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу — мәңгілік ұлттың кепілі. Ұлттық бірегейлігімізді сақтау үшін дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымыз бен мақал-мәтелдерімізді жүйелі түрде жаңғыртып, есте сақтатып, оны ұрпаққа жеткізе білу қажет. Жаһандану дәуірінде ақпарат пен түрлі мәдениеттер тоғысып, олардың арасындағы жік анықталмаған кезде ұлттық код пен руханилықты нығайтатын дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту қажет. Рухани мұраларымызды саралап, жаңарту үшін «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асыру өте маңызды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, рәсімдерді сақтау әр халықтың мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар жастарды тәрбиелеуде, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты қазақ халқының мәдени мұраларын, дәстүрлерін сақтау, зерттеу  –   кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына, жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру –   кезек күттірмейтін міндеттердің бірегейі.

Олардың Отан, туған жер туралы түсініктері осындай тәрбиелік сағаттардың арқасында кеңейе түседі. Студенттердің бойында патриоттық сезімдерін дамыту, бірін-бірі тыңдап түсіну, құрметтеу дағдыларын қалыптасады,
Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиеленуіне кепіл болады.

Студенттеріміздің көбі ауылдың тумалары болғандықтан ба,  «Туған жер» дегенде туған ауыл, қазақ ауыл көз алдыңызға келеді. Қазақ ауылы ұлттың уызы дейміз. Қазақ ауылы еш уақытта жойылмайды. Азаюы мүмкін, қалалар көбеюі мүмкін, жұрттар қалаға көшуі мүмкін. Бірақ қазақ ауылы еш уақытта жойылмайды, қалады, жетіледі, жаңғырады.
Сол ауылға деген жылы сезімнің отына май құйып, лаулата түспек керек. Елбасы ұсынып отырған туған жер бағдарламасының мақсаты: рухыңды жанитын Ұлы дала өркениетін бүгінгі санаға лайықты негізге алу.

Өз өңірін білетін адам, өз өңірін зерттеген адам өзінің өмірімен мақтанатын адам, ол жалпы қазақтың тарихын мәдениетін, тілін насихаттайтын болады, білетін болады, онымен мақтан ететін болады, міне патриотизмнің түбі осы жерде жатыр.
Жалқыдан жалпы ойысамыз. Туған жер әр азаматтың кеудесінде сақтаулы тұр. Ал байтақ елге ортақ әлем тамсанатын тарихы, табиғи орындарымызбен сырт жаққа жүріп мақтансақ, мәртебемізді көтерсек, бәрімізді біріктіретін үлкен күшке айналады. Елбасымыздың осы сөзі бізге қанат бітірері сөзсіз. Туған жер бізге өзінің топырағымен, әсем табиғатымен,өзінің биік ғимаратты үйлерімен ыстық. Туған жерім маған сарқырап аққан өзен көлдерімен, асқар асқар тауларымен ыстық,гүлденіп әсемденіп өскен гүлдерімен қымбат.

Студенттерге «Туған жер» , «Отан» туралы мақал – мәтелдер айтыңдаршы дегенім сол екен, барлығы дерлік айта жөнелді: Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы;  Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас;  Отанды сүю — от басынан басталады;  Отан оттан да ыстық;  Ел іші — алтын бесік;  Әркімнің өз жері —жұмақ;  Ер — елінде, гүл —жерінде;  Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің;  Отан үшін күрес — ерге тиген үлес;  Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар;  Жат жердің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық;  Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды;  Отансыз адам — ормансыз бұлбұл;  Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол;  Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды;  Туған жердің ауасы да шипа;  Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің;  Туған жерге туың тік;  Ел іші алтын бесік;  Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын;  Бейбіт елде береке бар; Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар; Болар елдің баласы, бірін-бірі батырым дейді, тозар еддің баласы, бірін-бірі қатыным дейді; Ел іші — береке, көп ісі — мереке;  Ел шетіне жау келсе, арыстандай айбарлы, батырлардың бары игі;  Елдің күші — елу батпан;  Есі бүтін елден кетпес;  Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін арпалыс, өлмейсің;  Өз елім — алтын бесік, жат елдің — түбі тесік; Өз жұртын танымаған, кісі еліне би бола алмас;  Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол; Тау белгісі тас болар, бай белгісі ас болар, азған елдің белгісі — біріне-бірі қас болар;  Шетте жүрсең тарығарсың, туған елді сағынарсың. Мақалымыз да, мәтеліміз де, нақыл сөзіміз де көп қой. Аңыз сияқты боп кетті, бір атақты жазушының айтқанын естіп едім: біздің бір мақалдың өзінде үлкен философия жатқаны соншалық, басқалар оны бір кітап етіп шығарады.

РПЗС-20-6 тобының студенттеріне алғысымды білдіре отырып, бүгінгі іс- әрекетімізге өте жақсы қатыстыңдар, жақсы ат салыстыңдар демекпін. Өз елдеріңді, өз жерлеріңді қалай сүйетіндеріңді, өз елдеріңе деген сүйіспеншіліктерің бар екенін көрсете білдіңдер. Туған жерімізді, Отанымызды  қорғайық, аялайық.
Болашақта да біз осы қазақ елінің көк туын желбірететін, жүрегі сүйіспеншілікке мейірімділікке толы жақсы азаматтары болып өсулеріңе тілектеспін.

Слямбаева Аймаш.
ҚазБСҚА оқытушысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.