«Senat Open 2026» турнирін Қазақстан шахмат федерациясы 2024 жылдан бері ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен өткізіп келеді. Бұл идеяны Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынып, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қолдаған болатын.

Турнир әртүрлі мамандық, жас ерекшелігі және аймақ өкілдерінің басын қосқан алаңға айналды. Астанадағы финал Қазақстанда шахматтың тек кәсіби спорт қана емес, сонымен бірге бұқаралық интеллектуалдық қозғалысқа айналып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты.
Сенат Төрағасы бұл турнир шахматтың елімізде тек кәсіби спорт емес, бұқаралық интеллектуалдық қозғалысқа айналғанын тағы да көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар, шахмат жарыстарын ұйымдастыру бұл спорт түрін аймақтық деңгейде кеңейтуде негізгі рөл атқарады. Бұл бағытты дамыту Мемлекет басшысының да ерекше бақылауында.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Шахматпен айналысу бұл үдеріске айтарлықтай үлес қосады. «Senat Open» турнирі де шахматты танымал етуге бағытталған. Үш жыл ішінде бұл жарыс үлкен даму жолынан өтті. Биыл жарыстар алғаш рет 1/8-ден бүгінгі финалға дейінгі төрт толыққанды кезеңде өткізілді. Бес аймақтық жартылай финал бүкіл Қазақстанды: Солтүстік, Оңтүстік, Орталық, Шығыс және Батысты қамтыды. Бұл – қазірдің өзінде жалпыұлттық қозғалыс. Шахмат тақтасында кездейсоқ жеңіс болмайды. Мұнда стратегиялық ойлау, төзімділік және өз шешімдерінің салдарын бірнеше жүріс алға есептей білу қабілеті жұмыс істейді. Бүгінде дәл осы қасиеттер әртүрлі салаларда өте қажет. Бүгінгі «Senat Open 2026» турнирі еліміздегі шахмат қозғалысының дамуындағы үлкен оқиға болатынына сенімдімін», – деді Палата Төрағасы өз сөзінде және турнир ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов үш жыл ішінде бұл турнирдің шынайы бұқаралық сипатқа ие болып, елдің шахмат экожүйесінде маңызды орын алғанын ерекше атап өтті.
«Senat Open» турниріне небәрі үш жыл болса да, ол Қазақстанның бірыңғай шахмат экожүйесінде айтарлықтай орын алып үлгерді. Жыл сайын «Senat Open» қатысушыларының саны артып келеді. Бұл, бәлкім, біздің турнирдің ешқандай асыра сілтеусіз халықтық додаға айналғанының ең әділ көрсеткіші болса керек. Биыл оған 9 мыңға жуық адам қатысты. «Senat Open» турнирінің табысты болуы кездейсоқ емес. Бұл – Президентіміздің тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесі», — деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Бірнеше ай бойы аймақтарда ІІМ қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, жергілікті мәслихат депутаттары, Парламент депутаттары, ардагерлер, БАҚ қызметкерлері және жай ғана әуесқойлар арасында үздік ойыншылар анықталды. Ел бойынша іріктеу кезеңдеріне 8 878 спортшы қатысты. Салыстырмалы түрде айтсақ: 2024 жылы – 2000-нан астам, ал 2025 жылы – 3000-ға жуық ойыншы қатысқан болатын.
2026 жылы турнир төрт кезеңде өтті – 1/8 финалдан бастап шешуші партияларға дейін. Қатысу үшін қойылған жалғыз шектеу – 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша уақытты бақылаудың барлық түрлерінде (классика, рапид және блиц) Эло рейтингінің 2000-нан төмен болуы.
Барлық кезеңдер, соның ішінде финал да рапид 10+5 уақыт бақылауымен (әр партияға 10 минут және бірінші жүрістен бастап әр жүріске 5 секунд қосылады) швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды.
1/8 финалдан кейін қатысушылар ширек финалға шығу үшін бақ сынасты, онда әр облыстың ең мықты шахматшылары анықталды. Келесі кезең аймақтық форматта өткен жартылай финалдар болды: Солтүстік, Оңтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс. Әр жартылай финалдан финалға 53 қатысушы жолдама алды. Астанада оларға мандат комиссиясының шешімімен ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық қоғамдық кеңес мүшелері және мемлекеттік қайраткерлер де қосылды.
Турнир нәтижелері
Финал қорытындысы бойынша «Senat Open 2026» Кубогының жеңімпазы және турнирдің ең үздік командасы Ақмола облысының командасы атанды. Екінші орында – Астана қаласының командасы, үшінші орында – Жамбыл облысының командасы.
Сондай-ақ, келесі санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Ардагерлер арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Журавлев Виктор, Астана қаласы
- 2-орын – Қожамбердиев Маратбек, Астана қаласы
- 3-орын – Қадырғалиев Нұрболат, Батыс Қазақстан облысы
Әйелдер арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Асанова Айжан, Астана қаласы
- 2-орын – Алдамжарова Сәуле, Қостанай қаласы
- 3-орын – Шәукен Аружан, Шымкент қаласы
Депутаттар арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Тілепов Нұржан, Жамбыл облысы
- 2-орын – Хасенов Ерлан, Ақмола облысы
- 3-орын – Жүсіпов Мереке, Ақмола облысы
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Кабдулин Жандос, Абай облысы
- 2-орын – Оспанов Арман, Астана қаласы
- 3-орын – Кенжалин Бауыржан, Астана қаласы
Қоғамдық кеңес өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Мұқанов Әділжан, Астана қаласы
- 2-орын – Салихов Андарбек, Батыс Қазақстан облысы
- 3-орын – Келденбек Досбол, Ақмола облысы
Ақпараттық кеңістік (БАҚ) өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Федоров Григорий, Алматы қаласы
- 2-орын – Әлжанов Асылхан, Қостанай облысы
- 3-орын – Овчинников Виталий, Жетісу облысы
Денсаулық сақтау саласы өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Кәрібаев Димаш, Қарағанды облысы
- 2-орын – Рахымжанов Тимур, Қарағанды облысы
- 3-орын – Дүйсебаев Ербол, Алматы қаласы
Ғылым және білім беру саласы өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Тастанбек Абылайхан, Түркістан облысы
- 2-орын – Игонин Владимир, Шығыс Қазақстан облысы
- 3-орын – Қожабеков Әділхан, Ұлытау облысы
Құқық қорғау органдары өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Әубәкіров Арман, Павлодар облысы
- 2-орын – Заурбек Бақдәулет, Батыс Қазақстан облысы
- 3-орын – Кәкішев Нажмиден, Павлодар облысы
Мәдениет және өнер саласы өкілдері арасындағы үздік нәтижелер:
- 1-орын – Шевченко Александр, Шығыс Қазақстан облысы
- 2-орын – Розиев Долкунжан, Алматы облысы
- 3-орын – Жаманбалинов Нариман, Павлодар облысы
Сондай-ақ, аймақтардың үздік командаларына 20 кіші кубок табыс етілді:
- Түркістан облысы – Қазығұрт ауданының командасы;
- Жамбыл облысы – Тараз қаласының командасы;
- Қызылорда облысы – Қызылорда қаласының командасы;
- Шымкент – «Ғылым және білім» командасы;
- Абай облысы – Семей қаласының командасы;
- Ұлытау облысы – Сәтбаев қаласының командасы;
- Астана – ардагерлер командасы;
- Қарағанды облысы – Қарағанды қаласының командасы;
- Ақмола облысы – Көкшетау қаласының командасы;
- Солтүстік Қазақстан облысы – Петропавл қаласының командасы;
- Павлодар облысы – Екібастуз қаласының командасы;
- Қостанай облысы – Қостанай қаласының командасы;
- Батыс Қазақстан облысы – Орал қаласының командасы;
- Атырау облысы – Атырау қаласының командасы;
- Ақтөбе облысы – Темір ауданының командасы;
- Маңғыстау облысы – Ақтау қаласының командасы;
- Жетісу облысы – Талдықорған қаласының командасы;
- Алматы – Алматы ардагерлерінің командасы;
Әбдіқадыр Яхияев
«БІЛІМ АЙНАСЫ» мен bilimainasy.kz сайтының
Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша тілшісі
