Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №23 мектеп-гимназия жанынан ұйымдастырылған жазғы лагерьдің жабылу салтанаты жоғары көңіл күйде өтті. Балалар үшін қызықты оқиғаларға, жаңа достыққа және ұмытылмас әсерлерге толы болған лагерь маусымы жарқын мерекемен қорытындыланды.

Лагерь барысында оқушылар түрлі танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысып, жазғы демалыс уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізді. Әр күн балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Жабылу рәсімінде лагерь тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалардың белсенділігі мен шығармашылығы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік шараның сәнін арнайы шақырылған аниматорлар келтірді. Қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, балалар шаттыққа бөленді. Әсіресе, түрлі байқаулар мен ойындарға қатысқан оқушылар көтеріңкі көңіл күймен жазғы маусымды қорытындылады.
Лагерь басшысы Әбдікерім Гүлнар Сәлімқызының ұйымдастыруымен балалардың қауіпсіз әрі қызықты демалысын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Ал мектеп директоры Смаилова Фарида Макановнаның қолдауымен лагерь жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалды.



Лагерьдің жабылу салтанаты балаларға ерекше әсер сыйлап, олардың жүрегінде жылы естеліктер қалдырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, достық қарым-қатынас орнатуына және шығармашылық қабілеттерін шыңдауына зор мүмкіндік береді.
Ақерке Амангелдіқызы
Алматы қаласы
BILIM AINASY












