Home » Жаңалықтар » «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»

Білім  беру саласы   ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. «Бала – біздің болашағымыз» — демекші баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сусындатып қана қоймай, өз елінің ертеңін ойлайтын адал азамат болып өсуіне әсер ететін жандардың бірі — ұстаз.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей еңбек жолын ауылдық мектептен бастап, оқушыларын патриоттық тәрбиемен сусындатқан, елінің болашағын ойлаған  азамат, білім беру  саласында еңбегімен танылған №13 орта мектептің директоры Рахимбеков Канат Кекенұлы туралы болмақ.
Қанат Кекенұлының біздің мектебімізге басшы болып келуі көптеген тың өзгерістерді  алып келді десем артық болмас. 2016 жылдан бастап мектебімізде «Кадет сыныбы»  жобасы ашылып, өз жұмысын атқара бастады. Кадет сыныбы оқушылары әскери форма киюімен ғана шектелмей, әскери тың тәртіп пен патриоттық сананы оятуға алып келді.  Жыл сайын кадет сыныптарының саны көбейіп өскелең ұрпақтың білім беріп қана қоймай  Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді бойына дарытуда қаншама еңбектер жасалды.
Қанат Кекенұлы мектеп ұжымымен мектептің өмірі жайлы  ата-аналарға арналған «Ашық есік» күнін өткізіп, мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды. Жақында  мектеп ұжымы өз тәжірибесімен алмасу мақсатында Ресей Федерациясымен де тығыз жұмыстар жүргізгендігінің куәсі болдық.
Биылғы жылы біз үшін ерекше жыл болды. Мектебімізде қазақ сыныбы ашылып, №13 орта мектеп қабырғасында қазақ сыныбының алғашқы шәкірттері қабылдады. Бұл да мектеп басшысының мектебіміз үшін жасап жатқан игі шараларының бірі болып табылды.
Жыл сайын аз қамтылған отбасылары мен көпбалалы отбасыларына мектеп тарапынан берілген көмек әрбір отбасы үшін айтарлық көмек болып табылады.
Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса,  қазақ елінің  жасөспірімдеріне осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт беретін осындай ұстаз деген атқа лайық адамдардың бар екеніне ризамыз.

Абельмажинова А.А.,
Копеева З.Т.,
Ата-аналар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.