Home » Tag Archives: мектеп

Tag Archives: мектеп

Вице-министр 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндіріп берді

  Бүгіннен, яғни 1 наурыздан бастап еліміздегі мектептерде сабақ қалай өтетіні белгілі болды. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында орта білім ордаларында рұқсат етілген аралас форматта оқытудың жай-жапсарын түсіндіріп берді. Оның жазуынша, 1 наурыздан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы ...

Толығырақ »

Алматы: Биыл Медеу ауданында  8 мектеп салынады

Биыл Алматы қаласының Медеу ауданында  8 мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар, 17 қосымша құрылыс салынады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 23 мың оқушы орны пайда болып, орта білім ордаларындағы орын  тапшылығы 73 процентке азаяды. Бұл деректерді оңтүстік астананың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев келтірді. Оның айтуынша, білім ордаларының бірі — Орманов көшесінде, яғни «Шығыс айналма» жолының аумағында ...

Толығырақ »

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталуы тиіс еді, бірақ елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты өтініштерді қабылдауды 20 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық ...

Толығырақ »

Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық басталды

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қаласының білім мекемелеріне 18 000 дана мектеп парталары алынып, жаңартылды . Сонымен қатар 11-сыныптарды оқулықтармен 100% қамту аясында және қалған сынып оқушыларын қосымша оқулықтармен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім — шартқа отырды .   Қазіргі таңда тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу кешендерін білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Тасымалдау жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады. ...

Толығырақ »

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады. Қабылдауда өңір басшысына жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады. «Жұмыспен ...

Толығырақ »

Министрдің «Әліппе» туралы жазбасы!

Жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі –келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» ...

Толығырақ »

Қызылжардың қырандары

  Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар елді мекеніне ат басын тіредік. Мектеп шағын ғана үш қабатты ғимарат, қасында бір қабатты қосымша бастауыш балалары оқитын бөлімі тағы бар. Табалдырықтан аттағалы есіме балалық шағымның мөлдіреген естеліктері келді. Ауыл мектебінде оқыған едік. Қоңырау уақытында жүгіріп далаға шығып, асық атып үлгеруге тырысатынбыз (ол кездегі ойындар асық, лекеш, анда санда ләңгі, өгіз бірдеңе). Қоңыруда ерекше ...

Толығырақ »

Білімнің биігіне бағыт берген басқосу

Қазан айының 11-жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-лицейде «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» VI халықаралықғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жылбаев Жанбол Октябрұлының құттықтау сөздерімен конференцияның пленарлық отырысының шымылдығын түрді. Ал, пленарлық отырыстың алғашқы баяндамасын оқу Беларусь Республикасы, Минск қаласынан келген Инклюзивті білім ...

Толығырақ »

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»

Білім  беру саласы   ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. «Бала – біздің болашағымыз» — демекші баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сусындатып қана қоймай, өз елінің ертеңін ойлайтын адал азамат болып өсуіне әсер ететін жандардың бірі — ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей еңбек жолын ауылдық мектептен бастап, оқушыларын патриоттық тәрбиемен сусындатқан, елінің болашағын ойлаған  азамат, білім беру  саласында ...

Толығырақ »