Home » Жаңалықтар » Абай Хакім

Абай Хакім

 Нұр – Сұлтан қаласы
№56 мектеп – лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Қарасай Ботакөз Сабитқызы

Абай жаңа әдебиетке  жаңа жанр, жаңа  әдіс  керек  екенін  біліп,  реалистік  сипаттағы әдебиет үшін қажетті панорамалы дүние туғызған. Фольклорлық утопия мен романтикалық  сарындағы  сюжеттерді  реалистік поэма етіп  жазған Абай сонымен қатар  романтизмге  тән  алыстағы  елдер туралы баяндап, шәкірттеріне  жол  көрсетті,  сөйтіп  казақ  әдебиетінде реализммен  бірге романтизмге де жол ашты (Мағауия мен Акылбайдың «Зұлыс», «Медғат –Қасым», «Дағыстан»сияқты шығармаларын еске алуға болады).Абай фольклорға ақын есебінде ғана емес, сондай-ақойшыл зерттеуші ретінде  де  барған.  Өзінің  көркем  поэзиясында  ол,  негізінен,  фольклорлық сюжет пен поэтиканы пайдаланса, қара сөзінде фольклорды тарихи-қоғамдық тұрғыдан  қарастырып  талдайды.  Оның  кейбір  қазақ  мақалдары  мен мәтелдерін талдау принципі, зерттеу аспектісі ақынның өлеңдерінде көтерген проблемаларымен  үндесіп  жатады:  қалай да  адамды түзеу, сол арқылы қоғамды  жөндеу.  Ал,  мұның  өзі,  бір  жағынан,  халық  утопиясына  апарса, екінші жағынан, ислам дінінің иманды адам, жақсы қоғам туралы, хақ жолы жөніндегі түсінікпен де байланысып жатады.Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін шет тілі бірлестігі орындап енді жаратылыстану бірлестігіне chalange арқылы жолдадық.

        Мемлекет басшысы өз мақаласында Абайдың «Толық адам» формуласына кеңінен тоқталды. Бұл ұғымағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді, яғни, тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.«Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін». Осы орайда мектебімізде Абайдың ұлағатты сөздерін психологиялық тұрғыдан қараастырып оқушылармен жас мамандар бірігіп жоба қорғаған болатын. Жоба барысында Дана Абайдың Ұлағатты сөздерін қазіргі таңдағы психологияда алар орыны айтылды, мысалдармен өмірменибайланыста көрініс тапты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін Абайдың шығармаларын мұқият оқу керектігіне тоқталды. Өйткені, Абайдың қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Сондықтан да Қазақстан халқы Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіс. Мемлекет басшысы «әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқаны сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санайды:«Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.