Home » Жаңалықтар » «Хакім Абай даналығы»

«Хакім Абай даналығы»

Нұр – Сұлат қаласы
№56 мектеп – лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Хаджибаева Муножат Мамиржановна

         Абай шығармаларындағы ғылым мен білім тақырыбына талдау жасаған мемлекет басшысы ақын тұжырымдары қазір де өзектілігін жоймағанын жазады.«ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетілдіру жолдарын сайлау алдындағы бағдарламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы үлкен серпін берді. Мақала әсіресе, білім саласымен, жалпы ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты екендігі қуантады. Жаһандану дәуірінде кез келген дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігі және әр қазақтың үйінде домбыра болу керек десек, әр отбасының төрінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы мен Абайдың қара сөздері тұруы керек дейді Мемлекет басшысы.  «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі». Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, Абайдың тіл үйрену туралы тұжырымдарына да ерекше тоқталған: Қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз».

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.