Home » Жаңалықтар » ҚЫЗ — ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

ҚЫЗ — ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

          « Қаратау»  орта мектебінде 5-сынып қыздары арасында «Қазақ  аруы -2020»  қыз сыны  байқауы болып өтті.   Байқауға қатысқан қыздар жан-жақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Атап айтар болсақ, әр номинация бойынша салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың элементтерін орайластыра келе, қыздар ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеу мақсатында домбырамен күй шертіп, халық әні «Еркем-ай» әнін  шырқады. Мысалы, ұлттық киім кию, домбырамен ән салу, ас мәзірін дайындау, қол  өнер бұйымдарын жасап  таңғалдырды. Әуелі таныстыру бөлімінде Есенқызы Жаннұр «Күміс құмған-ай» әнімен таныстырса, Наби Аянат өзі туралы әдемі құрастырып айта білсе, өз өнерінде  Сыбан Еңлік әкесінің домбырада сүйемелдеуімен «Ауылым» әнін  шырқады. Мүбарак Шапағат, Күмісбек Жанель, Пернебай Жаннұр мың бұрала би билеп көпшіліктің көңілінен шықты. Қазылар алқасы ұстаздар Шардарбекова Зеберкүл, Әлишерова Нағима, Қамысбаева Күлсара байқауды қорытындылай келе, Наби Аянат  бас жүлде, Пернебай Жаннұр,Сыбан Еңлік– І-орын, ІІ-орынды Күмісбек Жанель Жандарқызы Нұрай, Әмірханқызы Шұғыла еншіледі. ІІІ-орынмен Жуасбек Жайна, Қалан Қарақат, Мүбарак Шапағат марапатталды. Қыз сыны байқауына қатысқан қыздарымыз бен аналарымызға «Барыс» ұлдар  клубының жетекшісі Абдыбек Ернардың ұйымдастыруымен гүлдер табыстаса, 5 сынып жетекшілері  Г.Тұрғанова мен  Г.Әсілбек қыз сынына қатысушы қыздарға арнайы алған сыйлықтарын берді.

                                                                            Тәлімгер
                                           Қыз Жібек клубының жетекшісі Ж.Дәуренбекова
 «Есейхан» ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.