Home » Жаңалықтар » «Біз кішкентай актермыз»

«Біз кішкентай актермыз»

    Бүгінде ұлттық мәдениеттің сапын театр толтырып тұрғандай. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.

Иә, мектепке дейінгі жасөспірім баланы да тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарын шешуде  балаларға теңдессіз мерекелік көңіл күй мен ерекше қуаныш сыйлап жүрген осы театрландырылған ойындар десем артық айтқандығым емес. Өйткені, әсершіл, эмоционалдық ықпалға берілгіш балалар үшін  ерекше өнер,  Сондықтан театр қойылымдары қай кезеңде де балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Осы орайда  №29 «Балауса» бөбекжайында «Театр – өмір айнасы» атты тәжірибелік алаңның жұмыс жоспарына сай «Біз кішкентай актермыз» тақырыбында балалардың сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру,  шығармашылық қабілетін шыңдау, әртістік шеберліктерін дамыту, қиялын есте сақтауын жетілдіру мақсатында  «Жеті лақ», «Үйшік» ертегі қойылымдары қойылды. Нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағымен, бет әлпетінің өзгеруімен, қол қимылдарымен, жүріс-тұрысы арқылы ертегі кейіпкерлерін шеберлікпен  сомдап, керемет қошеметке ие болды. Атап айтар болсақ, «Жеті лақ» ертегісінде кішкене лақтың рөлін шебер сомдаған Яна мен Эмелия, нағыз қасқырдың бейнесін көрсеткен Леонид, Әтешті Никита,  «Үйшік» ертегісінде тықырлауық тышқанды- Ильнур, бақылдауық бақаны- Бейбарыс, қу түлкіні Жәмила шеберлікпен кейіптеп, көременнің ерекше ықыласына бөленді.   Тамашалаушы топ бір ауыздан «Бәрекелді» десіп, ризашылықпен қол соқты. Кейіпкерлердің рөліне ену арқылы балаларымыздың  сахнада жүрулері , сөйлеулері, тұруы, өзін-өзі мен өзгені сыйлау мәдениетіне үйренгендіктері көңілге қуаныш ұялатты. Маңыздысы – рөлді атқару арқылы жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге талпыныс жасап, жаманнан жиренуге тырысып жүргендіктері. Керемет әсерімен бөлісіп өздері қойған сахналық қойылымды ата-аналарына, жолдастарына шебер әңгімелеп берулерінің өзі- біз үшін оң нәтиже.  Әдемі сөйлей білу мәнерінің артқанының көрсеткіші.

Баланың эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру міндетін қойып отырған «Театр-өмір айнасы» атты тәжірибелік алаң алда талай жетістікке жетіп, өз жұмысын сәтті жалғастырмақ.

Жұлдыз Темірқызы
БҚО, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.