Home » Жаңалықтар » Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уиверситетіндегі «Таза сессия» науқаны

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уиверситетіндегі «Таза сессия» науқаны

Таза сессияның негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзушылық көріністеріне төзбеушілік.

«Физика және техникалық» факультетінің бірінші курс студенттерімен «Таза сессия» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Студенттер қорытынды бақылауды (емтихан сессиясын) өткізу ережелерімен танысты. Оқушылардың үлгерімін анықтау мақсатында кейбір өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

Емтихан барысын бақылау үшін онлайн режимінде емтиханды тапсыру ережелерін бұзуды анықтауға мүмкіндік беретін бейнежазба және бақылау технологиясы қолданылды (чип парақтары, ұялы телефондарды және т.б.).

ҚазҰУ студенттер арасында бұл жұмыстармен СББП ұйымы жұмыс жүргізеді. Жанжал жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргіледі. Ұйым студенттерге білім беру қызметін толық көлемде пайдалануға үйрету.

Ұйымның міндеттері:

  1. Студенттердің оқу процесін басқаруға қатысуын күшейту;
  2. Таза емтихандардың болуын қамтамасыз ету;
  3. Білім сапасын бақылау.

Таза сессияның негізгі мақсаты жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған. Біздің ҚазҰУ да таза сессия мүшелерін ректораттан сайланып келеді. Таза сессия мүшелері студенттің қосымша ақпарат көздерін алып кірмеуін қадағалау болып табылады.

Студенттің сессия барысындағы құқықтары мен міндеттері:

  1. Уақыттында келуі;
  2. Қосымша құралдарды алып келмеуі (ұялы телефон, шпор);
  3. Берілген уақытта толықтай отыруы (2 сағат);
  4. Жауап парағын ауыстырмауы;
  5. Әрбір студентке белгіленген орынға отыруы.

Сессия түсіндіру бойынша әртүрлі іс шаралары ұйымдастырылды. Солардың бірі, Таза  сессия —  біз өз білімізге сенеміз, Таза сессия акциясы.

Іс шараның мақсаты жемқорлықты тоқтату, студенттерге  сессия және сабақ кезінде онымен күресу жолдарын түсіндіру.

Емтихан жауабы студентті қанағаттандырмаса қайта қарауға беруге құқығы бар. Емтихан тапсырып болған кейін 48 сағат ішінде жауап шығу керек.

Қорытындылай келе таза сессия жүргіліуі әрқашанда болуы керек. Бірақ студентке қысым көрсетілмеуін қадағалауы.

Болегенова С.А., Оспанова Ш.С., Нурмуханова А.З.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.