Home » Жаңалықтар » Павлодар жаңалықтары

Павлодар жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ МҰРАГЕРЛЕРІ

           Жақында «Шахмат үйі» базасында XХVIIІ облыстық спартакиада бағдарламасында арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттарының оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарысқа Павлодар облысының арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттарының 5 командасынан — 14 оқушы қатысты.

Жарыс нәтижесінде І орынды №5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты, ІІ орынды — облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты командасы, ІІІ орынды – есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты иеленді.

Іс-шара соңында, барлық қатысушылар облыстық білім беру басқармасының Дипломдарымен, Мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды.

 

Білімді бағалаудың жаңа форматы туралы не білесіз?

                Облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығы тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Бақытгүл Аушахманова  9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу форматының өзгертілгенін айтты.

Мақсаты: Оқу жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету және жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде бағалауды қамтамасыз ету.

Нақты не және қалай өзгермек?

Осы уақытқа дейін қорытынды аттестаттау өзгеріссіз төрт пән бойынша алынып келді және олардың біреуі таңдау пәні. Осыған орай, негізгі пәндерден бақылау жұмысы мен жатжазу жазылса, таңдау пәні бойынша ауызша тапсырылды. Бұдан былай, жазбаша емтихан үлгісін қолдануға басымдық беріледі.

Ана тілінен – эссе, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде оқитындар үшін – мақала, әңгіме, эссе жазу жүзеге асырылады.

Екінші пән – математикадан да емтихан жазбаша болады, тек екі бөлімнен тұрады. Біріншісі – тест, екіншісі – тапсырманы толықтай есептеп орындау.

Қазақ тілінде білім алатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен, ал орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихандар алынады.

Оқушылар соңғы таңдау пәні бойынша да жазбаша емтихан тапсырады.

9 сыныптарда емтихан қашан өтеді?

9 сыныптардың емтихан тапсыру мерзімі — 29 мамыр – 9 маусым аралығы.

Тапсырманы орындауға қанша уақыт беріледі?

Математика пәнінен емтихан тапсырмасын орындауға — 3 сағат, қалған пәндер бойынша — 2 сағат уақыт беріледі.

Қорытынды баға қалай шығарылады?

Емтихан тапсырмалары ұпайлық (балл) жүйе бойынша бағаланады. Баға білімнің пайыздық қатынасына сәйкес қойылады және емтихан нәтижелері мен тоқсандық бағалар да ескерілетін болады.

Ескерту:

9-сынып оқушылары денсаулық жағдайына байланысты (дәрігерлік-кеңестік комиссияның 035-1/у формасына сәйкес) және І және ІІ топтағы мүгедектік құжаты болған жағдайда білім беру басқармасының бұйрығымен емтиханнан босатылады.

Айгүл МОЛДАШ,
«BILIM AINASY»
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.