Home » Мақалалар » Ұлы Жеңіске 75 жыл бейбіт күн мерекелеріңіз құтты болсын ағайын!

Ұлы Жеңіске 75 жыл бейбіт күн мерекелеріңіз құтты болсын ағайын!

Танбаева Нуржамал Байбакитовна
«Құрық ауылы №6 о/м» КММ
Көркем еңбек пән мұғалімі
НҰР ОТАН партия мүшесі

Жеңіс туы желбірейді көгімде,

Елім тыныш,халқым аман жерімде.

Мақтан тұтам қазақ батыр бабамды,

Ұрпақтары қадірлейтін әрқашан

 Қазақстан Мәңгілік ел төрінде! 

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалған күн. Бұл күн жауға қарсы соғыста қайсарлықпен шайқасып, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлердің мерекесі. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз — өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.Бүгінгі күн соның айғағы.Ұлы Жеңіске 75 жыл бейбіт күн мерекелеріңіз құтты болсын ағайын!

Мен қазіргі таңда Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы ,Құрық ауылының тұрғынымын.Мен бұл 75 жылдық үлкен мерекеде Ұлы Отан соғысының ардагері атағына ие болған,1916 жылы туылған атам Басқараев Қараша Басқараұлын сағына еске аламын.Атам Түркменстан республикасы,Балкан облысы,Красноводск қаласында дүниеге келген.1916 жылы дүниеге келіп,1983 жылы дүниеден өттіі.Себебі,ол кісі менің әкем-Байбақыттың әкесі болатын.Әкем 1941 жылы дүниеге келеді,бірақ соғыс басталған соң атамды әскерге алып кетіп,әжем бір өзі қалып баласын бағады.Әжем Сарбекқызы Сәнжан 1921 жылы дүниеге келген,ол кісі үнемі тылда жұмыс жасағандарын айтып отыратын.Атам соғысқа кеткен жылдары аштық болған,содан соғыстағы адамдарға түнде шұлық тоқып,күндіз қара жұмыс жасап күнкөрістерін жасаған. 1945 жылы соғыс аяқталған соң атамды барлау жұмыстарына алып қалып ,кейін 1946 жылы  келген.Содан совхоздың малын бағып отбасын асырап балалы-шағалы болып,ел халқына сыйлы бір ауылдың ақсақалы атанғанын көзіміз көрді.Мен атамды мақтан тұтамын айтқан ақыл-кеңестері әлі санамда.Өзімнен кейінгі бауырларыма үнемі атамды мақтанышпен еске алып жақсы өсиет сөздерін айтып жүремін.Мен атамның әңгімесіне толықтай қанбаған немересімін.Себебі атам менің 9 жасымда дүниеден өтті.

Осылайша есейген соң әжемнен сұрағанымда, «Әй,жарығым сол соғыстың айтатын не жақсылығы бар дейсің,ол туралы атаң да айтқысы  келмеген дейтін.Маған бір айтқаны есімде ұмытпасам, сол соғыста связисть болып жұмыс жасағанға ұқсайды, қасындағы жолдасы екеуі бір полктан-екінші полкке бара жатқанда снаряд жарылып,қасындағы жолдасы қаза болып,өзі аяғына оқ тиіп,санының бұлшық еті жұлынып  ауыр жарақат алғанын айтқан болатын.Содан госпитальда 6 ай емделіп қайта соғысқа аттанған,соғыс біткен соң келетін шығар деп күттік қой келмеді.Содан әйтеуір жылап еңіреп жүргенімде, 1946 жылдың күзінде аман сау елге келді ғой.Өз көзімізге өзіміз сенбей,халық сау болсын той жасап,ел болып қуандық қой….»-деп айтқан әңгімелері есімде қалыпты.

Қазіргі таңда атамыздың  ұл, қыздары барлығы өз орындарын тапқан үйлі-баранды жақсы, бала-шағаларымен немере-шөбере сүйіп бақытты ғұмыр кешуде.Атамыздың жапырағы жайылды.Аллаға сансыз шүкір ата-бабамыздың көрсеткен сара жолымен Руы Қожа Басықараұлы Қараша ауылының ұрпақтары өсіп-өркендеп ата жолын жалғап келеді.

Атамыздың 1941-1945 соғыс жылдарындағы бейнесі және марапаттарынан естелік

Атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері Басқараұлы Қарашаның Сүлмен селосында ХХ партсъезд совхозында шопан қызметін атқарған кездері,жұбайы Сәнжан әжеміз тыл ардагері кейін шопан көмекшісі қызметін атқарған.12 құрсақ көтерген батыр ана.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.