Home » Мақалалар » 60-ТАН АСА ІС-ШАРА ҚАШЫҚТЫҚТАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

60-ТАН АСА ІС-ШАРА ҚАШЫҚТЫҚТАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық білім басқармасы қашықтықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне онлайн режимінде іс-шаралар ұйымдастырды.

Оқушылар мен студенттер әлеуметтік желілерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай #МЕНБАТЫРДЫҢҰРПАҒЫМЫН хештегімен бейнероликтер жариялады. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай шығармаларынан үзінді оқу челленджін, «Қашықтықтан оқыту: Педагогтарға рақмет!», #bizbirgemiz акцияларын өткізді.

Бұдан бөлек оқушылардың білім сапасын арттырып, дарынын дамытуға арналған «Жас математик», «Жас химик», «Қызықты есеп құрастыра білесіңбе?», «Әлемтану», «Менің отаным – Қазақстан», «Абайды оқы,Таңырқа!», «Ізгіліктің кәусар бұлағы» онлайн байқаулары, «Мен талантты жанмын! Өмірім менің тамаша!» психологиялық байқау, «Ертегілер әлемі» графика байқауы және «Табиғат әлемі» атты фотобайқау ұйымдастырылуда. Аталған онлайн байқауларға оқушылар өз қызығушылықтары бойынша қатысуда.

Ұстаздар да Facebook, Instagram желілеріне #ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІ хештегімен қашықтықтан оқыту жүйесі, сабақ өту барысы туралы ойларын жазып, әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануда.

Педагогтардың білімін жетілдіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бұл бойынша облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері педагогтарға түрлі тақырыптарда 20-дан аса вебинарлар өткізді.

Карантиндік режимі кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және педагогтардың білімін үздіксіз арттыру жұмыстары жалғасын табады. 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.