Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту- білім берудің жаңа бағдары

Қашықтықтан оқыту- білім берудің жаңа бағдары

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
8 жалпы білім беру орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Шомбылова Амалгүл Итемгеновна
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Халықты короновирустық инфекцияда қорғау шараларын міндеттеуіне байланысты Білім және Ғылым минстрі арнайы бұйрық шығарды.Сонымен қатар 4 тоқсанның сабағы 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытыла бастады.Біріншіден індеттің таралуына жол бермеу ,екіншіден заман талабы.Интернет жылдамдығы әр түрлі болғандықтан,қашықтықтан оқытудың бірнеше жолы ұсынылды.Атап айтқанда телесабақ,интернет платформадағы сабақтары ұйымдастырылды.
Білім беру жүйесін жан жақты ақпараттандырып қашықтықтан оқытудың алғы шарттары Н . Ə .Назарбаев «Қазақстан 2030 » стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.  Қашықтықтан оқыту барлық білім беру салаларында оқытылады . Оның ішіндегі мектеп , гимназиялар да бар . Əр оқытушы осындай жүйенің аясында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет . Оқытушыға əрі ауыр əрі жауапты міндет жүгі жүктелді . Оқытушы əр ата — анамен тығыз байланыста болып оқушыларды қашықтықтан білім беру жүйесіне бейімдеді.  Оқу барысында тапсырма беріп , қадағалап , өз бетімен бақылау пысықтау жұмыстарын ұсынады . Оқушының қашықтықтан оқыту жүйесінде көңіл күйі мен психологиялық қарым қатынасын қадағалайды . Əр бала ханзада мен ханшайым екенін ұмытпай оларға баса назар аударып сыныпта сабақ оқып отырғандай жеткілікті көңіл бөледі .  Осындай елімізге келген індеттен аман есен өту үшін оқытушы мен оқушы тығыз байланыста болса, біз бұл күндерді жеңеміз деп ойлаймын.Осы азғана уақыт қалғанына байланысты 4 тоқсанымызды нәтижелі аяқталуына ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!
Біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.