Home » Мақалалар » Тәні саудың жаны сау

Тәні саудың жаны сау

4 наурыз күні Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшамауданындағы № 84 бөбекжай-балабқшасында «Әкем анам және мен спортшымыз» тақырыбында іс-шара өтті.  Бұл семинарға мектепалды «Ханшатыр» тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысып, бақ сынады.
Шараны өткізудегі басты мақсат — баланың белсенділігін, ептілігін шапшаңдығын арттыру  және спортқа деген қызығушылығын ояту.

Қатысушылар  топтасып, түрлі ойын бойынша жарысты. Олар «Болашақ», «Сұңқар», «Бірлік» және «Алғабас»  командасы болып, сайысқа түсті. Бірінші кезең де  қатысушылар өздерін таныстырып, әрі қарай «Кім мерген?» ойынын ойнады. Одан кейін «Жылдам пазл» ойынында өздерінің шапшаңдықтары сыналды.
Ойыншылар осы сындардан өтіп, үшінші және төртінші ойындарға жіберілді. «Оттек» және «Асық жинау» ойынын ойнап, соңғы  ойын «Арқан тартыс» бойынша жарысты.

Бір сағатқа созылған тартыста «Алғабас» командасы оқ бойы оза шауып, бас жүлдені иеленді.  Сайысты тамашалаған балабақша ұжымы көрермен болып қошемет көрсетіп, қатысушыларға қолдау жасады. Балабақша меңгерушісі де риза болып, командаларға алғыс айтты.

Әсіресе осындай жарыс түріндегі сайысты ұйымдастырған дене тәрбиесі ұстазы Мадина Әлімқызының еңбегін атап өткен жөн. Бірнеше команда жасақтап, оларды икемдеп дайындап жарыстыру да оңай емес.
Бас жүлде иеленген «Алғабас» командасы мен  басқа командаларға да төрешілер тарапынан мақтау қағаздары мен сыйлықтар және кубок табысталды.

                                                                                      Мадина Әлім
ҚМҚК «№84  бөбекжай- балабақшасының»
дене   жаттықтырушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.