Home » Мақалалар » Педагог-зерттеуші: сабақты зерттеу.

Педагог-зерттеуші: сабақты зерттеу.

 Нургазина  Айжан  Сеитовна
Астана қаласы әкімдігінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы
№ 53 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
бастауыш сынып мұғалімі

           Педагог-зерттеуші: сабақты зерттеу.
 Бастауыш мектеп  мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру арқылы оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстар жүйелі құрылған кезде  ғана өз нәтижесін берері анық.
Сабақ беру сапасын жақсартуды жүзеге асыру үшін мектебімізде  педагогтардың  «Педагог-зерттеуші» тобы құрылып, сабақты  зерттеуші ұстаздардың жұмыстарын  әдістемелік тұрғыдан  жетелеу жоспарлы жүргізілуде.
Зерттеуші топтың негізгі мақсаты: Мұғалімнің  зерттеу  құзыреттілігін дамыту моделін  жасай отырып , сабақты зерттеу.
Мұғалімдердің зерттеу құзыреттілігін дамыту моделі ретінде :
1.Жоспарлау мен бағалауды сапаландыру
3.Оқушы туралы білімді кеңейту
4.Оқу мен оқытуды жақсарту
5.Рефлексивтік дағдыны дамыту
6.Теориялық  білімді арттыру
7.Коммуникативтік шыңдалу тұрғысында  әдістемелік жұмыстар   айқындалып зерттеу барысында  шыңдала түсуге жол ашу;
  Зерттеу сабағы оқушыларды оқыту әдістемесін жетілдіруді  бірге әзірлеу арқылы табысқа бірге жетудің жолдарын таңдау әрекеті.
Негізгі идея:  Әртүрлі ортада оқушылардың барлығын бірдей деңгейде және сыни ой айта алуға және өмір бойы білім алудың қажеттігін үйрету үшін не істей аламыз?- деген сұрақ төңірегінде өрбіді;
«Сабақты зерттеу — оқытуды жақсартудың кепілі» тақырыбында  сабақтағы іс-әрекетті зерттеу негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді таңдауға көмектесті. Сабақты зерттеудегі іс- әрекет тәжірибеге өзгеріс енгізе отырып білім беруді жетілдіру арқылы сапалы білімді қалыптастыруға бағытталған ерекше педагогикалық тәсіл болып табылады .
Тәжірибені жақсарту және жетілдіруді жүргізуде орын алған зерттеу бағыттары кезеңдерге бөлініп зерттелді.
1 және 2 кезең аралығында пән бойынша негізгі тұжырымдамалар, педагогикалық әдіс- тәсілдер, қажетті дағдылар бойынша ізденіс, зерттеулер жүргізілді,
2 — 3 кезең аралығында сабаққа дейінгі, кейінгі іс әрекеттердің өзара байланысы, оқушының оқуы туралы деректер жинауға, топтағы оқуға көбірек уақыт бөлінді,
3 — 4 кезеңде іс әрекеттерге рефлексия, сабақты дамыту үшін пікірлер, жазбаларға түсініктемелер жасалды,
5 және 1 кезең аралығында деректерді қайта қарадық, зерттеу сабағын жақсарту жөнінде рефлексия, қосымша материалдарды оқып қайталап , тағы да өзгертулер кіргізілді;
    Нәтижесінде: Пән сабақтарында оқушыларға оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, әдіс-тәсілдер топтамасын жасақтау арқылы «барлық оқушыны» оқуға, сыни ойлауға тартудың жолдарын меңгере отырып  , оқу сапасы жақсаруда.
Көзқарастар, пікірсайыстар ұйымдастыру арқылы   зерттеу сабақтарының  үлгілері талқыланды.
Іс-тәжірибе  алмасу барсында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану негізінде білім алушыларда мынадай өзгерістер мен нәтижелер болатынына көз жеткізілді:
  • Бала алдына мақсат қоюды үйренді;
  • Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптастырды;
  • Бұрынғы білетіндерін салыстырды;
  • Бірігіп жұмыс жасауды, бір-бірімен тіл табысуды үйренді;
  • Қорытынды жасай алды.
  • Сыни көзқарастары қалыптасты
  • Белсенді оқушының саны артты
Зерттеу жүргізуші мұғалімдерге мынандай ұсыныстар берілді:
  • Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
  • Өз бетімен жұмыс оқушының бар ынтасын салып жұмыс
істейтіндей, қызықты етіп дайындалуы керек;
  • Алғашқыда қарапайым тапсырмалар алынуы керек;
  • Деңгейлік тапсырмалар көбірек қолданылуы керек;
  • Сыныптағы барлық оқушыға назар аударылуы керек;
  • Білім сапасы арту үшін зерттеушілік әңгіме көбірек болу керек;
  • Бағалау тәсілдерін нақты, кеңірек қолдану қажет;
    Жоба негізінде мектепішілік «Менің тәжірибем – менің әдістемем!» атты вебинар  ұйымдастырылып өткізілді.  Қазіргі күнде  «Педагог-зерттеуші»  тобының жұмыстары жарғастырылып, өз нәтижесін беруде.
       ЖАЗУ — ОҚУШЫНЫ ТАНУ ҚҰРАЛЫ       РЕТІНДЕ
     Оқушы ойын еркін де көркем жеткізе білуі əр сабақтың мазмұнды, қызықты өтуі мұғалім тарапынан ізденісті қажет етеді. Менің бақылауларым оқушылардың өз білімдерін жазбаша түрде толық жеткізе алмайтындығын көрсетті. Жазу — күрделі процес. Ойланған, толғандырған мəселені қағаз бетіне түсіру оқушыдан көп күш жұмсауды, сауаттылығына көңіл аударуды талап етеді.
   Алдымда отырған оқушылардың жазбаша ж ұ м ы с қ а д е ге н қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ та р ы н ы ң төмендігі күнделікті сабақ жоспарлаудағы əрекетіме өзгеріс енгізді, яғни құрылымына, тіпті сұрақтың мазмұнына қайта қарай отырып, əдіс-тəсілдерді өзгерті əрі орынды қолдану жолдарын қарастыруға əкелді.
    Сабағымда жазу əдістерін оқушыларды жалықтырмайтындай етіп қолдану олардың дамуына, жеке ерекшеліктерін сақтауға жəне шығармашылық қабілеттерін көрсетуге септігін тигізері анық. Осы іс-тəжірибемде жаңаша түсінгенім, оқушы өз ойын көркем жазу үшін мұғалім тарапынан ой түрткі болатын нұсқау дұрыс жолға қойылу керек.
    Бірінші қолданған əдісім қазақ тілі сабағында ертегі желісі бойынша сурет салдым да, «мына суретте не болып жатыр?» деп сұрақ қойдым. Балалар жазуға нұсқау бердім жəне уақытты б е л г і л е д і м . Ж а қ с ы   ж а з ғ а н б а л а н ы ң жұмыстарын оқып бердім əрі өздеріне де оқыттым. Олар осы сəттен бастап бір- бірінің жазба жұмыстарын тыңдауға қызықты.
Одан кейін жазба жұмыстарын күнделікті т а қ ы р ы п п е н б а й л а н ы с т ы р ы п , ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ қ а ж ол а ш а ба с та д ы м . Қызықтырудың екінші əдісі ретінде балаларға жазудың басын кіріспесін беріп ойларын жалғастырып жазуға ұсынылды.
Мысалы:
Е с і м х а н н ы ң е ң б е к қ о р ұлдары.(бастауыш сыныпта қазақ тілі пəні)
Ерте, ерте, ертеде Есім ханның Зат, С ы н , Қ и м ы л , С а н а т т т ы т ө р т ұ л ы болыпты. Төрт ұлы ер жетіп еңбекке араласар жасқа келіпті. Енді əр ұлының қолынан не келетіндігін білу үшін….
Күн, ауа, су. (Дүниетану)
Ерте, ерте, ертеде Күн, ауа, су адамға тигізер пайдасы туралы айтып дауласып қалыпты. Даудың шешімін білу үшін…..
Сөз құрамы (Қазақ тілі)
Ерте, ерте, ертеде « СӨЗ ƏЛЕМІ» м е к е н і н д е « Т ү б і р » ат т ы ха н , о н ы ң
«Жұрнақ» атты қызы жəне «Жалғау» атты баласы болыпты. Екі баласы өте жалқау болғандықтан Түбір Хан оларды еңбекке баулып, болашақта кім болады екен деп ойланыпты…
Бірнеше оқушының жұмыстарынан мысал келтіре кетейін:
Нұртілек
Есім ханның еңбекқор ұлдары.
Ерте, ерте, ертеде Есім ханның Зат, Сын, Қимыл, Сан атты төрт ұлы болыпты. Төрт ұлы ер жетіп еңбекке араласар жасқа келіпті. Енді əр ұлының қолынан не келетіндігін білу үшін зəулім қала тұрғызуды жөн көрді. Сөйтіп олар еңбек етіп қала құрай бастады. Зат, Сын, Қимыл, Сан өте еңбекқор болатын. О л а р а қ ш а т ау ы п ж е рл е р с а т ы п алады.Сол жерлерге үйлер, ғимараттар, дүкендер сала бастаған. Үйлерді баспанасы жоқ адамдарға берді. Ал дүкендерге азық-түлік əкеліп адамдарды жұмысқа алды. Сөйтіп алар ең соңында зəулім қалалар құрады. Əкелері оларға өте разы болды. Алайда Есім ханның балалары еңбек дегеннің не екенін түсінбеген. Бірақ олар еңбек етіп еңбек дегенді түсінді. Сөйтіп олар тату тəтті өмір сүрді.
О қ у ш ы н ы ң  ж а з б а ж ұ м ы с ы н р е д а к ц и я л а уд ы  м ы н а  ү ш б а ғ ы т т а жүргіздім:
Балалар жазудың құрылымын сезінеді ме?
Уақыт берілсе өз жазбасының мазмұнын толықтыра алады ма?
 Ж азу ба р ы с ы н д а   д и а л о г   п е н монологты орынды қолдана ала ма?
Өз жазбасындағы грамматикалық дəлсіздіктерді танып, өзбетінше түзете алады ма?
   Нұртілектің жұмысын байқасақ, құрылым толық болмаса да сезіне алады. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қысқаша жазып отыр. Ана тілінде немесе көркем əдебиет оқу барысында көркем сөздерге мəн беріп оны жазбаларда қолдана алады. Өзінің жазбасында жіберген қ а т ел е рд і т а н и б і л е д і , ж і б е р і л ге н  қателерге түзетулер жасады.
Камила
Сөз əлемі
Ерте, ерте, ертеде «СӨЗ ƏЛЕМІ» мекенінде « Түбір» атты хан, оның
«Жұрнақ» атты қызы жəне «Жалғау» атты баласы болыпты. Екі баласы өте жалқау болғандықтан Түбір Хан оларды еңбекке баулып, болашақта кім болады екен деп ойланыпты да бұлар жалқау болса қалай өздерін асырайды? Оларға ертең еңбек дегенді түсіндіруім қажет дейді. Келесі күні Түбір хан оларды ерте т ұ р ғ ы з ы п е ң б е к д е г е н н е е к е н і н түсіндірмек болды. Олар орта жолда мұғалімге кез болады. Мұғалімнің алдында көп кітап тұр екен. Жұрнақ пен жалғау Осы кітаптың бəрін қашан оқып бітірдіңіз.
М ұ ғ а л і м : М е н ж а л қ а у е м е с п і н сондықтан көп кітап оқимын деді. Еңбек түбі береке, көптің түбі мереке деген сөзді түсінесіңдер ме деп сұрады мұғалім. Олар сол кезе еңбек дегеннің не екенін түсінді. Үйлеріне келгенде Түбір хан өте қатты қуанды. Балалары енді тынып таппай күні түні еңбекпен қолы босамай жүрді.
Камила — жазба жұмысын көбінесе қатесіз орындайды. Өз жұмыстарын қайта қарап түзетулер жасай алады. Бірақ, құрылым толық қарастырылмаған.
Əлихан
Күн, ауа, су.
Ерте, ерте, ертеде Күн, ауа, су адамға тигізер пайдасы туралы айтып дауласып қалыпты. Даудың шешімін білу үшін дем алып отырған Қарияға келіп жүгінді. Күн гүлдерді өсіреді. Күн мен гүлдер жақсы. Ауа гүлдерге керек. Ауа өте жақсы. Сумен адам шөлдемейді. Бəрі
Нариман. Асан мен Үсен
Асан мен Үсен аула шетіндегі тоғайлардың арасында ойнап жүрді. Асан ағаштың басндағы ұяны көрді. Ұя бұтақтың арасында орналасыпты. Ұяда төрт-бес жұмыртқа жатыр екен. Бір кезде аспаннан шырылдаған бозторғайдығ дауысы естілді. Асан жерден тасты алып торғайға тигізу үшін лақтырып қалды. Үсен шошып кетіп Асанға айтты:
Сен неге торғайға тас атасың. Сен то р ғ а й ғ а та с атс а ң ж а м а н б ол а д ы . А ғ а ш т а н т ү с і п : т о р ғ а й ғ а т а с ат у ғ а болмайды ғой. Обал болады деді. Үсен досынан ұялып, басын төмен салып тұрып қалды.
Жəния
Ерте, ерте, ертеде Күн, ауа, су адамға тигізер пайдасы туралы айтып дауласып қалыпты. Даудың шешімін білу үшін дем алып отырған Қарияға келіп жүгінді.
Қария атаға күн айтыпты:
Мен бəрінен пайдалымын иə?
Ж о қ , м е н п а й д а л ы м ы н . М е н болмасам тіршілік жоқ болушы еді деді Су.
Қ а р и я а т а , м е н с і з а д а м ү й жануарлары, аңдар өмір сүре алмайды депті Ауа.
Қария:
— Ж о қ б а л а л а р с е н д е р д і ң б ə р і ң пайдалысыңдар деп жымияды. Сонда олар өздерінің пайдалы екенін біліпті. Күн сəулесін шашты. Су сарқырап ақты. Ауа таза болып тұрды.
Жəния алғашқы жұмыстарында қателер жіберді. Кейін мұғалімнің диалог ережелерін түсіндіруінен кейін қатесіз жазуда өзін тексеріп түзету жасап отырды. Өз жұмыстарын қайта қарап түзетулер жасай алады.
Əрбір жазба əдістері оқушыға өзінің дербес, ешкімге де ұқсамайтын, оған ғана тəн ойларын қағаз бетіне түсіру қызық болатын болса, оларды жолдастарына жеткізіп, құрбы-құрдастарының жағымды пікірлерін естуге, қошеметіне бөлінуге асық болса, пікірлері мен ұсыныстарын қымбат бағалап, оларды осы тақырыптағы жазбасын кемелдендіруде жəне басқа да ж ұ м ы с т а р д ы ж а з ғ а н д а с е п т і г і н тигізетіндігін біліп қолданатын болса, осының өзі оны əрқашан да жазуға ынталандырып отыратын шығар.
   Жазу да оқытудың бір формасы, жазуды үйретуге оқумен бірдей назар аудару керек» — дейді Кен Гудман (АҚШ ғалымы), 2004. Осы ойды негізге ала отырып, оқушының қалай, нені жазатынын бақылауға алып, жазу үшін оқушыға жүйелі бағыт беру керек екенін, жазудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру к е р е к т і г і н б а й қ а д ы м . О қ у ш ы ғ а ба ғ ы т т а л ғ а н ж а з у п р о ц е с і н д ұ р ы с ұ й ы м д а с т ы р у д ы ң н ə т и ж е с і н д е оқушыларым сапалы, жүйелі дамыған жазуларды дүниеге əкелді.
    Əлихан деген оқушым мінезі тұйық, қимылы, ойлауы баяу оқушы. Мектепке дейін балабақшада толық болмаған. Себебі, əкесінің айтуынша балабақшада баспалдақтан жығылып қорғаншақ болып қалған деген пікір айтылды. Дене бітімі өзге сыныптастарына қарағанда өте кесек, ірі, баяу қозғалады. Үзіліс арасында к ө ң і л б ө лі п о р ы н ы н а н қ оз ғ а м а с а ң қимылсыз отыра береді, бірақ сыныптағы оқушыларды жақсы көреді, өзі ақкөңіл. Дегенмен, Əли өзін кемшілігін сезінеді. Кейде сен де ойнап, балаларға қосыл дегенде «мен үлкенмін ғой» деп жауап береді. Көп ауырып қалады, жөтел қысып ауыратын кездері жиі болды, сол себепті сабаққа да салғырт болып қалып жүрді. Тілі, сөйлеу мəнері толық дамымаған, тіл мүкістігі бар. Кей күндері тілі тұтығып сөйлей алмай тұрып қалып жүрді. Сөйлеу м ə н е р і н і ң д ұ р ы с  б о л м а у ы н а отбасындаға ата-анасының баламен үйде орыс тілде сөйлесуі де əсер етеді. Тақтаға шығып өз ойын айтуға қысылады, жеке өзімен əңгімелескенде ғана ойын айтуға тырысады. Əлихан сыныптағы е р е к ш е о қ у ш ы  б о л ғ а н д ы қ т а н қадағалаудың дұрыс жолын таңдап, бала дамуына əсер ететін əдіс — тəсілді қолдануды қажет ететін оқушы деп танылды. Осы тұста оқушы қабілетін, ішкі о й ы н , б і л і м і н т о л ы қ т а н у ы м ү ш і н жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысы бойынша жазу əдісі қолданылды.
Əлиханның жазба жұмыстары:
жұмыс. Бір күні үш достар орманға барды олардың үйі орманның қасында олар кетті дүкенге орманда асығып кетті  үшеуі орманда болды қасқыр аю түлкі құстар бəрі жануарлар қорқты олар көріп алды. Олар арға қара барды. Оларды ұстап алды қасқыр. Олар қасқырдан қашып кетті. Сосын біреуінде болды спичка. Олар жандырды жерді. Үйге келді. Осындай ертегі болды.(қателерін əдейі түзетілмеген жұмыстың түп нұсқасы берілді) жұмыс.
Асан мен Үсен
А с а н м е н Ү с е н а у л а ш ет і н д е г і тоғайлардың арасында ойнап жүрді. Асан ағаштың басндағы ұяны көрді. Ұя бұтақтың арасында орналасыпты. Ұяда төрт-бес жұмыртқа жатыр екен. Бір кезде аспаннан шырылдаған бозторғайдың даусы естілді. Асан жерден тасты алып торғайға тигізу үшін лақтырып қалды. Үсен шошып кетіп Асанға айғайлады. Үсен шошып кетті. Үсен айтты не болды саған. Асан айтты торғай мені қуып жатыр. Олар екеуі қашып кетті. Асан Үсен екеуі айтты əжеге.
жұмыс.
Күн, ауа, су.
Ерте, ерте, ертеде Күн, ауа, су адамға тигізер пайдасы туралы айтып дауласып қалыпты. Даудың шешімін білу үшін дем алып отырған Қарияға келіп жүгінді. Күн гүлдерді өсіреді. Күн мен гүлдер жақсы. Ауа гүлдерге керек. Ауа өте жақсы. Сумен адам шөлдемейді. Бəрі адамға керек. Шаршағанда адам суды ішеді. Олар бəрі керек гүлдерге, шөпке адамға.
жұмыс.
Сөз əлемі
Ерте, ерте, ертеде « СӨЗ ƏЛЕМІ» м е к е н і н д е « Т ү б і р » ат т ы ха н , о н ы ң  «Жұрнақ» атты қызы жəне «Жалғау» атты баласы болыпты. Екі баласы өте жалқау болғандықтан Түбір Хан оларды еңбекке баулып, болашақта кім болады екен деп ойланыпты. Хан ойланып түсінді. Оның екі баласы Жұрнақ сөзді түсінбеген. Олар ханнан сұрады. Неге ол жұрнақ. Оларға айтты жұрнақ сөзді аяқтайды. Жұрнақ пен Жалғау сөздің артында белгіленеді. Цүндіңдер ме сендер. Я цүндік. Олар қашан мектепке барғанда бəрін цүнді.
Сабақтан кейінгі Əлиханнан алынған сұхбат: Сабақ несімен ұнады?
Əлихан. Мен сабқта түсіндім.
Маған сабақ ұнады.Біреу бір бала бізді
жұмыс. Мен зат есім.
Зат есім сөздің атын аяқтайды. Зат есім кім? Не? Сұрақтарын білдіреді. Ол зат есім сөзге керек. Зат есім білдіреді сөзді. Зат семі ойыншық сөзді білдіреді. Зат сеім сабақта түсіндіреді балаларға. Сосын олар жазады. Зат есім маған сөздерді білдіреді.
жұмыс. Кім болғым келеді? ЭССЕ М е н ə ж е м н е н к і м б ол а м ы н д е п
сұрадым. Əжем ең бірінші сен маған баламсың. Əжемнің ғана ұлы болмай елінің ұлы бол деді. Маған полиция қызметі болғым келеді. Ондай мамандық өте жауапты екен. Себебі көшеде тəртіпті білу керке. Қарап жүреді. Өзі ақылды. Күші көп спортшы болуы керек.
Əлихан көбінесе өзінің жазбасында ж і бе р ге н қ ател е рд і та н и б і л м е й д і.  Көбінесе сөздерді дұрыс айтпауы қате жазуына себепші болып, тіліндегі кемістігі жазуға көп ықпал жасайды. Жазба жұмыстарына енжарлығы, сауатты жазуға ынтасы к ей к езде бəсеңсіп отырады. Бастапқы жұмыстарында қ а т е с і к ө п , с ө й л е м д е р д і ң а р а ж і г і ажыратылмаған, сөйлемдер дұрыс б а й л а н ы с п а ғ а н . О й ы ш а ш ы р а ң қ ы болғанменен кейінгі жұмыстарда өз қатесіне мəн беріп мүмкіндігінше қатесіз жазуға тырысты, сол жұмыстарында сөйлемдері анық байқалды, бірақ ол өз жұмысын жариялап оқуды ұнатпайды, себебі «мен жаман жазамын» деп ойын айтады. Топта өзге балаларды тыңдап солардың жұмысын тексергенін жақсы көреді. Қате жазған сөздерін сол күйінде о қ ы с а ң ғ а н а м ə н б е р і п т ү з е т у г е талпынады.
Дегенмен, Əлиханның жақсы азамат болуы үшін бұл бізден талап етілетін с та н д а рт т ы қ т ұ р ғ ы д а ғ ы а н а л и зд і ң ешқандай маңызы жоқ. Өйтк ені, ең бастысы оның грамматикалық тұрғыдағы сауаттылығы емес, адами, азаматтық, адамгершілік сауаттылығы маңыздырақ. Ол əлі мектепте 7 жыл оқиды, сондықтан бəрі де қалпына келіп, өзінің оқу мен жазу сауаттылығын дамытуға мың мүмкіндігі бар. Əлихан дамуын, оның азаматтық санасының қалыптасып, жақсы мен жаманды ажырата білуі əсіресе өзін қ о р ш а ғ а н о р т а ғ а , қ а р ы м — қ а т ы н а с жасайтын жолдастарына, адамдарға дəл мінездеме бере білуге үйрету үлкен өмірлік мəселе. Өзгенің мінез-құлқын бағалай білген оқушы өзінің де мінезіндегі жағымды- жағымсыз жағын ажырата б і л е д і . О л ө з і н е д е ө з г е г е д е с ы н тұрғысынан қарап, келешек қоғамның л а й ы қ т ы м ү ш е с і б о л а а л а д ы д е п ойлаймын. Кімнің даму, қалыптасу процесі биологиялық, əлеуметтік жəне оның өз белсенділігі сияқты үш фактордың əсерімен болатынын ескерсек, оның қоршаған ортаға сыни көзқарасы мектеп партасынан қалыптасады.
Ə р б і р  ж а з б а  ж ұ м ы с ы н д а оқушыларыма критерийлерді түсіндіріп отырамын. Бір оқушымның жазбасында қорытынды бөлімі болмаса, екіншісінде к і р і с п е б ө л і м і б о л м а й д ы , к е й б і р і тақырыптан ауытқып басқа нəрсе жазып келеді. Ең бастысы міндетті түрде кез  келген ақпаратқа жəне шығармалардағы ситуация туралы не ойлайтының туралы пікір жазу керек деп айтып отырамын. Өзіміз үйретпеген нəрсені бағалауға қ ұ қ ы м ы з ж о қ . Н е ге ү й р ет с е к с о н ы бағалауымыз қажет емес пе?
Сыни тұрғыдан ойлау анықтамасының ішінде оқу əрекетінің кез-келген түрінде орын алуы мүмкін, бірақ олардың ішіндегі, менің ойымша, мұғалім үшін де, оқушы үшін де жақсысы жазба жұмысы болады. Ойлау процесі жазу кезінде көрінеді, демек мүғалім үшін қол жетерлік. Жазып жатқан адам əр кезде белсенді. Ол əр уақытта өзіндік ойлайды да, өзінде бар білімнің барлығын қолдана алады. Ол өзінің айтқандарын нақтылай түсу үшін дұрыс дəлелдер келтіре біледі. Жақсы жазба жұмысы белгілі бір мəселені шешудің жолын іздеуді қамтып, одан шығу жолын оқырманға ұсынады. Сол сияқты ж а з у ш ы ə р к е з д е о қ ы р м а н ғ а қаратылатындықтан əлеуметтік сипатқа ие.
Оқушылар үшін жазба жұмысы оқу процесінің қиын, дəлірек айтқанда, ең қиын бөлігі болып табылады. Жазудың маңызын түсінетін мұғалімдер осындай к ү ш т ү с і р е т і н м і н д е т к е с а н а л ы түрдежауапкершілікпен жүргізуі қажет.
М е н о с ы ж ұ м ы с ы м д а оқушыларымның жазуын талдау жасай отырып өзімнің кəсіби өсуімді бақыладым. Өзімнің жазбам да едəуір өзіме ұнап келеді, жазушы адамның оқуы да бірге жүреді, бір нəрсені жазу үшін он нəрені оқуың керек.
Б і р н е ш е ж а с а л ғ а н ж ұ м ы с т ы ң нəтижесінде оқушыларымның сөздік қоры молайып, бейнелі, орамды сөздерді қолданған. Өткізілген сабақтарымнан байқағаным оқушылар өздерін еркін сезіне бастады, өздерінің ойларын ешқандай қорқынышсыз ортаға салып, топтық жұмыстарға белсене қатыса бастады, к ү н н е н — к ү н г е с а б а қ қ а д е г е н қызығушылықтары арта түсті. Талданған мəтін бойынша ой толғаныс сатысында жазылған жұмыстардан оқушылардың шығармашылық қабілеттері шыңдала т ү с і п , ө з і н д і к п і к і р , к ө з қ а р а с қ а л ы п та с қ а н ы н а ң ғ а ру қ и ы н е м е с . Сондықтан, өз əріптестеріме оқушыны танып, білгіңіз келсе, зерттегіңіз келсе жазуды қолданыңыз дегім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.