Home » Жаңалықтар » ТарМПУ облыстың 50 үздік түлегіне грант береді

ТарМПУ облыстың 50 үздік түлегіне грант береді

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

    Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бұрын-соңды болмаған жаңа жобаны жүзеге асыруда. Ендігі кезекте ҰБТ-да максималды балл жинаған, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар және конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларының, өмірін ұстаздық жолға арнаймын деген үздік мектеп түлектерінің университет грантын алу мүмкіндігі бар.

Университет тағайындайтын гранттың өз артықшылықтары бар. Атап айтсақ, тегін оқумен қатар арнайы белгіленген шәкіртақы қоса беріледі және ТарМПУ-дың ең жақсы шетелдік серіктес университеттерінде (Германия, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея және Ресей) 1 жыл білім алып, қос дипломды еншілейді. Аталған жобаның мақсаты – аймақтың зияткерлік әлеуетін нығайту, халықтың педагогикалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру. Жобадағы басты шарт – болашақ ұстаз облыстағы мектептерде кемінде 3 жыл мұғалімдік міндетін атқаруы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық кеңесінде мектеп түлектеріне ТарМПУ тарапынан 50 грант бөлінетіндігін тілге тиек етіп, университетті еліміздегі басқа жоғары оқу орындарына үлгі ретінде айтып өтті.

 ТарМПУ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.