Home » Жаңалықтар » Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы

Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өкізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, алғашқы болып Маңғыстау облысы әкімі аппаратының  басшысы Н.Тәжібаевтың есебі тыңдалды.

Аппарат басшысының есебін тыңдауға Аппаратпен 2019 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, соның ішінде өтініш иелеріне толық әрі нақты жауап бермеу, қызметтік тексеру жүргізбеу, формальді түрде қарау және т.б. деректер орын алынғаны, осылайша басшылық тарапынан туындап отырған мәселені шешуде әрекетсіздік танытқанына байланысты тұлғалардың жоғары тұрған органдар арқылы негізді шағымының туындауы негіз болды.

Нәтижесінде, облыс әкімі басшылығына жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар және Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алу, әлеуметтік желіні қолдану барысында туындаған сыни пікірлерге жедел әрекет ету, облыс әкімі және орынбасарларының азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау кестелерін БАҚ бетінде жариялап отыруды ұсынды.

Сондай-ақ, аппарат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында интернет-конференциялар, профилактикалық бағыттағы мақалаларды жариялап отыру, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне бақылауды күшейту, аумақтық департамет өкілдерімен бірге бағынысты қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде саяси қызметшілердің отставкасы немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының тәртіптік жауапкершгілігі туралы мәселелерді аппараттық мәжілістерде тыңдап отыруды және түсіндіру жұмыстарын жалғастыру туралы алқалық орган мүшелері шешім қабылдады.

Келесі болып, Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасындағы 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар және Әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөнінде Басқарма басшысы Т.Асауовтың есебі тыңдалды.

Кеңесте Басқарма басшысының есебі негізге алына отырып, келесідей ұсынымдарды енгізуді жөн деп тапты. Нақты айтқанда, 2019 жылы тексерулер кезінде Басқармада анықталған заңбұзушылықтар бойынша  талдау жұмыстарын жүргізіп, оның шығу себептерін анықтап, алдағы уақытта заңбұзушылықтардың қайталанбауы үшін қызметшілер арасында қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру және басқа да профилактикалық жұмыстар жүргізу, қоғаммен кері байланысты нығайту және азаматтардан түсетін сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында интернет-конференцияларды жүйелі түрде жүргізу, т.б. шаралар ұсынылды.

Айта кететін жәйт, Агенттік және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында көптеген шаралар қабылдап келеді. Соның бірі, қызметшілердің үстеме жұмыс жасау деректерін болдырмау болып табылады.

Осыған орай, аумақтық департаменттің осы бағытта атқарған жұмыстарының қорытындысы кеңес отырысында тыңдалып, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа қолданыстағы  заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асыру қажеттігі, «икемді жұмыс кестесі» режимін кеңінен енгізуге ықпал жасау, мемлекеттік қызметшілердің негізсіз жұмыста қалу деректері анықталған жағдайда еңбек заңнамасының талабына сәйкес әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіру жөнінде мекеме басшыларының атына орындалуға жататын ұсынымдар берді.

Күн тәртібіне сәйкес соңғы болып, облыстағы жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық құрылымдық бөлімшелердің тәртіптік комиссияларының 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмысына талдау нәтижесі қаралды.

Әдеп кеңесінің мүшелері талдау қорытындыларымен таныса келе, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Әдеп жөніндегі уәкіліне мемлекеттік мекумелерде заңбұзушылықтардың жиі орын алатын салаларын анықтап, сол саланың мамандарын қатыстыра отырып, қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жазалар қолдану және қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен алу барысында қолданыстағы Қағида талаптарын қатаң сақтау, қызметшілердің құқықтарын бұзу деректері анықталған жағдайда оларды қалпына келтіру және бұзушылықты алдағы уақытта болдырмау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізу жөнінде шешім қабылдады.

                                      ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің
баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.