Home » Ашық сабақтар » Құлпырған көктем

Құлпырған көктем

Оразбекова Алмагул Сагинтаевна

Қарағанды қаласы,

№33 «Алтын бесік» балабақшасының КМҚК қазақ тілі мұғалімі

Сабақтың мақсаты: көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру.

Білімділік: жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, дүниетанымдық көзқарастарын ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру.

Дамытушылық: көктемгі табиғат өзгерістерінің ерекшеліктерін байқату арқылы тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: достық қарым-қатынасқа, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Сәлемдесу.

Мұғалім: Балалар, көңіл- күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша, жақсы.

Мұғалім: Олай болса қане шеңбер жасап тұрайық. Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр. Қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

  • Әке-шешеміз аман болсын!
  • Аспанымыз ашық болсын!
  • Деніміз сау болсын!
  • Тату болайық!
  • Әрқашан күн сөнбесін!
  • Бақытты болайық!
  • Бақшамыз көркейе берсін!
  • Бар жақсылықты тілеймін!
  • Әрқашан жолымыз болсын!

Мұғалім: Қазір қай мезгілі?

Балалар: Қазір көктем мезгілі.

Мұғалім: Көктем айларын кім атап береді?

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.

Маған көктемнің ерекшеліктерін атап беріңдерші?

Қазір біз сендермен «Жақсы-жаман» ойынын ойнаймыз. Балалар көктем мезгілі несімен жақсы? Несімен жаман?

ЖАМАН:

— Көктемде қар еріп жердің бәрі су болады.

—  Жаңбыр жауады.

— Күн салқын болады.

— Егер құлап қалсаң үстің кір болады.

— Жаңбырда қалсақ суық тиіп ауырасың.

Өте жақсы.

ЖАҚСЫ жағы неде?

  • Көктемде қар еріп, күн жылына бастайды.
  • Құстар ұшып келеді.
  • Біз жеңіл киінеміз.
  • Ағаштар бүршік жарады.
  • Малдар төлдейді.
  • Гүлдер өсе бастайды.
  • Жәндіктер тіріледі. Өте жақсы, балалар.

Міне көктем мезгілінің жақсы және жаман жағы да бар екен. Оны сендер дәл тауып айтып бердіңдер.

Мұғалім: Балалар, мына суретке қараңдаршы. Мынау қай малдың иесі.

Балалар: Бұл қой иесі – Шопан ата.

Мұғалім: Кім Шопан ата туралы тақпақ оқып береді?

Катя: Қой баласы қоңырым, қойдай жуас момыным.

Шопан ата түлегі, қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт.

Мұғалім: Дұрыс, ал енді мынау қай төл иесі?

Балалар: Бұл Сексек ата – ешкінің иесі.

Мұғалім: Бұл мал иесі туралы кім тақпақ айтып береді?

Виталик: Жауын жауса, бақырған, ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар, шекетайым қайдасың?

Шөре, шөре.

Мұғалім: Ал, мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Бұл – Қамбар ата.

Мұғалім: Қамбар ата-жайлы кім не айтар екен?

Ульяна: Жолға шықсам көлігім, жапанда жүрсем серігім.

Қамбар ата өсірген, құлыным менің – қайдасың?

Құрау-құрау.

Мұғалім: Мынау қай малдың иесі?

Балалар: Бұл – Зеңгі баба. Сиыр малының иесі.

Даша: Тілімен мұрнын жалаған, тілімен бойын жалаған.

Зеңгі баба өсірген, әукешім менің қайдасың?

Аухау-аухау!

Мұғалім: Дұрыс айттыңдар, мынау қай малдың иесі?

Балалар:  Бұл Ойсылқара – түйенің иесі.

Саша:      Екі көзі танадай, екі өркеші баладай.

Ойсылқара баласы. Ботақаным қайдасың?

Көс-көс!

Мұғалім: Өте тамаша. Міне, осы малдарымыз көктем мезгілінде төлдейді екен. Бізді ғажайып әлем қоршап жатыр. Ол – табиғат. Міне көктем мезгілінде табиғатта ұйқысынан оянады. Ал, енді мына суретке қараңдаршы. Мына суретте біз суретшінің қатесін көріп тұрмыз. Суретші қандай қателер жіберген.

Ойын «Кім жылдам?» Балалар суретшінің қатесін тауып айтады.

Балалар: Суретшінің қатесі көктемде ағаштар гүлдегенде, шөп шыққанда жерде қар жатпайды. Олар еріп кетеді.

Мұғалім: Тамаша, дұрыс таптыңдар көктем мезгілінде қар еріп кетеді.

 

СЕРГІТУ СӘТІ:  «Айгөлек» әніне қимылдар жасайды.

Айгөлек – ау, айгөлек.

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

Мұғалім: Балалар, сендер суретші болғыларың келе ме?

Балалар: Әрине, болғымыз келеді.

Олай болса, біз қазір көктем мезгілін мына қағаз бетіне түсіреміз. Балалар 3-топқа бөлінеді.

1-топ – қағаздың жоғарғы бөлігіне сурет салады /түрлі-түсті қарындашпен/.

2-топ – суреттің ортаңғы бөлігіне жапсыру әдісі арқылы жұмыс жасайды.

3-топ – түпнұсқамен жұмыс жасайды.

Балалар музыка әуенімен жұмыстарына кіріседі.

Балалар үлкен қағаз бетіне түсірілген суретке «Құлпырған көктем» деген ат қояды.

  • Неге құлпырған көктем?
  • Өйткені, күн жерге шуағын төгіп тұр.
  • Ағаштардың бұтақтары бүршік жарып, жапырақтар шығып келеді.
  • Ағаштардың бұтақтарында жылы жақтан ұшып келген құстар отыр.
  • Жерде жасыл шөптер қаулап өскен. Шөптерде жәндіктерді көруге болады.

Өте жақсы балалар. Балалар менің ойымша бұл суреттің тақырыбын сендер дұрыс таптыңдар деп ойлаймын.

Әуен ырғағымен ішке Қожа кіреді. Қожа жан-жағына қарап таң қалады.

Қожа: Ой, мен қайда келіп қалдым? Адасып кеттім бе?

Мұғалім: Балалар, қараңдаршы бізге кім келді?

Балалар: Қожа келді.

Қожа: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?

Мұғалім: Қожа, сәлеметсің бе? Төрлет. Сен «Алтын бесік» балабақшасына келдің. Бізге сен қалай келіп қалдың?

Қожа: Мен саяхат жасап жүрмін, жер-жерлерді аралап келемін. Күз айында, күзді көрдім, қыс айында қыс жайлы көп нәрсе біліп қайтқанмын, енді көктем туралы сендер не біледі екенсіңдер соны білгім келеді.

Мұғалім: Қожаға балалардың жасаған ұжымдық жұмысын көрсетеді.

Қожа: Қандай керемет сурет. Бұл не?

Балалар: Бұл гүл. Гүлдің аты – қызғалдақ. Қызғалдақ далада өседі.

Қожа: Неге түстері әр-түрлі?

Балалар: Қызғалдақтың түстері сары, қызыл болады.

Қожа: Ал, мынау не?

Балалар: Бұл қойлар. Қойлар жайылып жүр.

Қожа: Сендердің жұмыстарың маған қатты ұнады. Мен енді ауылыма қайтайын. Көргенімді ауылдағы балаларға жеткізейін.

Мұғалім: Олай болса, мен саған мына суретті сыйға тартамын. Көктем мезгілінен, балалардан ескерткіш болсын.

Қожа: Рахмет! Мен де құр қол келгенім жоқ. Сендерге ауылдан құрт, айран, бауырсақ ала келдім.

Мұғалім: Рахмет саған Қожа.

Қожа: Сау болыңдар балалар!

Сабақты қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.