Home » Балабақша » «СУПЕР ӘКЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«СУПЕР ӘКЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, бала тәрбиесіне қызығушылығын арттыру.

Міндеттері: Ата-аналармен балабақша қарым-қатынасын нығайту. Қызығушылықтарын арттыра отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулу.

Музыка ойналады. Фарида Жолдасова «Әкетайым»

Жүр-ші: -Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын, мен бүгін сіздерді «Нұр» балабақшамыздың ең бақытты балаларын, ең мықты әкелерімізді «Супер әке» атты байқауға шақырамын. «Әкетайым» әуенімен қатысушылар ортаға шығады. Әділқазы алқасын тағайындау.

Жүр-ші: Жаздың шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырған біздің қатысушыларды ортаға шақырамыз. Сұлу Құралай Әкесі Еренғайып Ахметоллаұлы; Сүйкімді Дина әкесі Аязби Егінбайұлы; Нәзік Наргиз әкесі Ақыл Қасқырбайұлы; Ерке Айым әкесі Суат Каипұлы; Кенже Айрин әкесі Ринат Айтқалиұлы.

1.Тапсырма. Таныстыру.

Әкелеріміз балалармен келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпен танысуға- дей келе қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.

Құралай:

Әкем менің сүйікті

Зауытта жұмыс істейді

Онымен мен мақтанып

Әрқашанда жүремін

Ең мықты, ең ақылды

Қамқоршы, ең сүйкімді

Осындай әкетайммен

Жанұямыз бақытты

 

Дина:

Біздің қауіпсіздікті

Әкем менің сақтайды

Өрт сөндіруші болу

Нағыз ерлердің ісі

Менің әкем еңбек етіп

Күні-түні жүреді

Ол жұмыста болғанда

Көмектесем анама

 

Айым:

Әкем менің балқытушы

Өте қиын мамандық

Әкетайым ең күшті

Қолынан бәрі келеді

Шашымды да өреді

Тамақты да пісіреді

Әкем менің осындай

Мақтанамын жалықпай

 

Айрин:

Табиғатты қорғайтын

Оны жоюға жол берметін

Эколог менің әкем

Мен өте оны сүйемін

 

Наргиз:

Танымал бүкіл елге

Ақсудағы зауыт

Онда әкем еңбек етеді

Мен оны мақтан тұтам

Қалай шаршап келседе

Маған көңіл бөледі

Әкем менің ең күшті

Ол темірді жеңеді

 

2-тапсырма. «Аналар үйде болмағанда…»

Әкемен балаға әр-түрлі тапсырмалар беріледі. Салат жасайды, киім үтіктейді, ыдыс жуады, шаш өреді, қамыр жаяды.

3-тапсырма. «Тілге шешен».

  1. Ата бәйтерек-бала (жапырақ)
  2. Жұмбақ   үш тілде шешеді

Баласының баласы

Көздерінің қарасы

Атасына немене?

Әжесіне немене? Немере, внук, сан

3.Руы, жеті ата

  1. Отбасы мүшелеріне байланысты жаңылтпаш айтады. Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше. Мама Милу мыла мылом. Вэ батэ вис вэ бэйтэ зэт из бэтэ.
  2. 1-10 дейін бала тура, әке кері санайды. Үш тілде санату.

4 – тапсырма. «Отбасы құпиясы».

Әкемен бала өз өнерін көрсетеді. Мың бұралып билеп, тамылжытып әнмен, қол өнерімен, үй тапсырмасын орындауға ортаға шақырамыз

Айрин, айым гимнастика, Құралай, Наргиз қасықпен оркестр, Дина ағылшын тіліндегі әнімен.

Жүр-ші:

Ойларында от бар екенін байқадым

Жүректерде шоқ бар екенін байқадым

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым

Би: «Мені сүйікті әкем», «Ботақаным» әні М.Арынбаев.

Әділқазыалқасына сөз беріліп, марапаттау рәсімі. Қатысушыларға номинация бойынша марапаттау берілді атап өтсек «Ең өнерлі», «Ең шығармашыл», «Өнегелі», «Мейірімді», «Тілге шешен».Біздің кішкентай балапандарымыз әрқашанда әдемі де сұлу болыңсын! Құрметті әкелер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын! Іргеміз бөлінбесін, әрдайым бірлесе отырып, балаларымызды тәрбиелейік.

Маншүк Зарлыққызы,
№18 бөбектер бақшасы тәрбиеші,
Ақсу қаласы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.