Home » Балабақша » Негізгі өрт қауіпсіздігінің ережелері

Негізгі өрт қауіпсіздігінің ережелері

Мақсаты: Өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру және отты бірінші көргендегі іс-әрекеттері, өрт туралы дұрыс хабарлап телефон шалу.

Балаларды балабақшадағы өрт сөндіру бұрышымен таныстыру үшін экскурсия жасау. Музыка ойналады, балалар отырады.

Тәрбиеші: Балалар жан-жаққа қараңдаршы! Мына суреттерде не көріп отырсыңдар? (Суретке байланысты сұрақтар). Балалар бүгін біз өрт туралы әңгімелесеміз.

Өрт біздің досымыз. Неге?

Балалар: Себебі от бізге өте пайдалы. От бізге жылу береді. Оттың үстінде ежелгі заманнан адам тамақ пісіреді.

Тәрбиеші: Дұрыс. От-өмір сәні, отсыз тіршілік жоқ. От бізге зиян да келтіре алады. Оттың қандай зияны бар, көрейікші.

Ертегі: «Мысықтың үйі» туралы тәрбиеші оқып береді.

Автор: Бір мысықтың өте әдемі, зәулім, жаңа үйі болыпты. Бұл мысық өте бай тұрыпты. Оның жетім жиендері болыпты. Олардың қарны ашып, тонып, сол мысыққа келеді.

Мысықайлар: Әпкетайым, мысығым

Әйнекке қарашы,

Қарны ашты жиендерінің

Бізді сен қумашы.

Мысық: Әрі жүріңдер бұл жерден. Қазір менің қонақтарым келеді. Сендерге қарайтын уақытым жоқ. (Екі мысық ренжіп кетеді).

Автор: Мысық үйін жинап, шаңын сүртіп өзін әдемілейді.

Мысық: Ой, менің көйлегім үтіктелінген жоқ. (көйлегін үтіктеуге жүгіреді).

Автор: Сол кезде кенеттен есікке қоңырау соғылады. Есікті ашуға асыға жүгіріп кетті. Сол қалпында үтік туралы ұмытып кетті. Үтік сол бойы тұрып, қызып жана бастайды.

Қонақтар болса, көңілденіп билеп жүр. Барлығы дастарханның басына отырады. Ал лақ сіріңкемен ойнап отырып шымылдыққа тигізіп алады. Ал мұны ешкім байқамай отыр. От жалындап жарты үйді алып кетті. Осыны көрген мысықайлар жүгіріп келіп, өз күшімен өртті сөндіруге тырмысады. Бірақ, шамалары келмей, әпкелерін шақырады.

Мысықайлар: Әпкетай өрт, өрт. Көмектесіңдер!

Автор: Сол кезде мысық қонақтармен өртті көреді. Мысық айқайлады.

Мысық: Көмектесіңдер, құтқарыңдар достарым!

Автор: Бірақ қонақтар мысықты тастап жан-жаққа қашып кетті.

Достар: Жоқ, біз өрттен қорқамыз, кетейік, қашайық! Тез-тез!

Автор: Мысық қорқып кетті не істерін білмей жыларман болды.

Мысық:Үйім менің! Енді не істеймін?!

Автор: Мысықайлар екі жақтан келіп әпкесін жұбатады.

Мысық бала: Әпкетай сабыр сақта. Сен қарындасым телефон шал.

Мысық қыз: Қайда, қалай?

Мысық ұл: Қалай сен білмейсің бе? Балалар осындай жағдайда қайда, қай номерге телефон шаламыз?

Балалар: 101 өрт сөндіру қызметіне.

Мысық ұл: Ал сен әкетай шелекті ал су, не болмаса топырақ әкеліп, өртті сөндіруді баста.

(Өрт сөндіретін машина келеді).

Ойын: «Өрт сөндіру»

Мысық: Рахмет сендерге айналайыңдар! Сендер болмасаңдар менің жағдайым не болар? Кешіріңдерші енді біз бәріміз бірге тұрамыз.

( Мысықайларды құшақтайды )

Тәрбиеші: Осылай кішкентай мысықайлар әпкетайын үлкен қауіптен сақтайды.

Тақпақтар: Біз әдепті баламыз,               Біз ақылды баламыз,

Біз ерекше боламыз,             Тәртіптікті сақтаймыз

Достарымыз келгенде,         Өрт шыққан кезде 101-ге шаламыз,

Қуанып қарсы аламыз! Міне, біздер қандаймыз.

Д/о: Жағымсыз жағдайлардан сақ бол.

Ойын: « Бұл мен, және менің достарым».

Тәрбиеші: Сонымен балалар сендер білесіңдер ме өрт шықанда не істеу керек? Қайда телефон шаламыз? Өрт сөндіретін адамдар кім деп аталады?

Балалар: Өрт сөдірушілер.

Тәрбиеші: Дұрыс, енді біз достық әнімен тәмамдайық.

Достық әні шырқалады.

Жанна ДАИРБЕКОВА,
№18 бөбектер бақшасы тәрбиешісі,
Ақсу қаласы,
Павлодар облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.