Home » Жаңалықтар » Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

17 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде, атап айтқанда әлемдік экономика мамандығының 1 курс студенттерінің арасында Елбасы Жолдауы қызу талқыланды. Бұл пікір- таласты әлемдік экономика мамандығының 1курс кураторы, филология ғылымның кандидаты, профессор Смагулова Айгерим Советхановна жүргізді. Пікір-талас кезінде мемлект үшін өзекті мәселелер қаралып, елбасы жолдауы қызу талқыланды. Әлемдік экономика мамандығының 1 курс студенті Эркинова Гүлдана ой пікірімен бөлісті.

Қазақстан-егемен, құқықтық және демократиялық мемлекет. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Алдымызда асу-асу белдер, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер, белде талар, желде беттен қағар,бәріне де төзу керек, бәріне де көну керек» деген салиқалы саясатының арқасында әлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналдық. XXI ғасыр — ақпараттық қоғам дәуірі. Мемлекеттің ЖаҺандық оқиғаларға арласу үшін ел экономикасы жоғары дәрежеде болу керек. Осы мақсатта елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарық көрді. Елбасы өзінің жолдауында жұмыстың 10 басымдылық бағытын атап көрсетті.
Бұл индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» — агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндіктері, көлік-логистика инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал-жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі және «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Осы берілген бағыттар бойынша қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жеке –жеке белгілі міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді. Жолдау нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруіміз керек. Өскелең жас ұрпақ үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, жастардың ағылшын тілін жетік игеруін, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.
ЖаҺандық дүниенің түкпір-түкпірінен ақпарат алмасу мүмкіндігін қолжетімді етіп отырған жаңа технологиялар, олардың инфрақұрылымдары жоғары білім беру мазмұнын әмбебаптандырып, әлемнің жетекші білім беру орталықтарынан білім алмасуды көздейді. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген асыл қасиеттерді одан әрі тарата білуіміз қажет. Жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодты сақтай білу. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың дамуын елбасы екі қырын атап көрсетеді : ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Елбасының бұл жолдауы болашаққа сенімді бағдар ретінде көрсетіліп, негізгі түйіндерді тарата білетін маңызды бағдарламалық құжатқа айналатыны сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.