Home » Жаңалықтар » Мұғалім — мектеп жүрегі

Мұғалім — мектеп жүрегі

Бүгін Павлодар қаласының Естай атындағы Мәдениет үйінде ұстаздар мерекесіне орай, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстазым менің, ұстазым!» атты мерекелік кеш өтті.

Айтулы іс-шараға облыстың барлық қала, аудандарының ұстаздары қатысты. Салтанатты мереке барысында ұстаздар бірнеше номинациялар бойынша: «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешілері»,«Шебер ұстаз», «Аялы алақан», «Үздік тәрбиешілер», «Ардагер ұстаздар», «Потранат ұстаздар» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Кеш соңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ұстаздар құрметіне әннен шашу шашты.

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.