Home » Жаңалықтар » Кәсіпкер студент

Кәсіпкер студент

29 қыркүйек күні Қостанай қаласы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетте «студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» атты конференция өтті. Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлік университет статусын алып жүрген ҚИнЭУ және РИИ (Рудный индустриалды институты) оқытушыларының аталған тақырып бойынша баяндамалары тыңдалып, студенттердің кәсіпкерлікті алып жүруі мәселелері қарастырылды. Конференцияның сарапшы мамандары ретінде AlMaU кәсіпкерлік және инновация дамыту орталығы директоры Ксения Южанинова, Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасы директоры орынбасары Манарбек Қазин, Қостанай облысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры стартап жобалары бойынша кеңесшісі Ирина Баушова, «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ кәсіпкерлік бөлімі басшысы Денис Петрухно, «Евразийская группа» ЖШС ұжымдық байланыс бйоынша директоры Фатима Қосаева және ҚИнЭУ ректоры Сәбит Есмұратов болды.

Ильясова Ботагөз
Білім айнасы
Қостанай қаласынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.