Home » Мақалалар » Мұнай-газ өндірісіндегі қауіпсіздік пен азаматтардың аман-саулығы – бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі

Мұнай-газ өндірісіндегі қауіпсіздік пен азаматтардың аман-саулығы – бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі

Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаның ахуалы әрбір адамға тікелей де, жанама түрде де әсер ететін маңызы орасан зор әлеуметтік-экономикалық мәселенің біріне айналып отыр.

Адамзат баласы өзінің өмір сүруіне қажетті табиғатта дайын түрінде кездеспейтін өнімдерді өндіру мақсатында табиғи заттарды түрлендіру, өзгерту үшін әртүрлі технологиялық процестерді қолданады. Бұл процестер нәтижесінде алынған өнімдер мен қалдықтар көп жағдайда басқа технологиялық циклдер мен процестер үшін шикізат болып саналмайды да, қажетсіз зат ретінде тасталады.

Қоршаған ортаны ластайтын ең бір қауіпті заттардың бірі – мұнай. Мұнай және газ өндіру – өнеркәсіп салаларының ішіндегі экологиялық қауіптілерінің бірі болып саналады. Ол үлкен жер көлемін алумен, ластандыру мүмкіндіктерімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіпінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнай қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат, оның құрамы 3000-дай қоспадан тұрады және олардың көпшілігі оңай тотығады. Сондықтан мұнай және мұнай өнімдері адам өміріне, өсімдіктер мен тірі организмдерге зиянды улағыш заттармен кең көлемде әсер етеді.

Мұнай және газ кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл фракцияларының шығуынан болатын бу, ауа қоспаларынан күшті жарылыстар, дауылды желдер, мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен көлемді өрттер болуы мүмкін. Фенол, метанол, қышқыл сілті және тағы да осы сияқты күшті әсер ететін уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайларға жеткізуі мүмкін.

Бұл тұрақтылықты халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайының биологиялық негіздеріне нақты қауіп тудырады. Сондықтан қазіргі кезеңде, мұнай өндіру нысандарында алдын ала жабдықталатын тазалау қондырғылары іске қосылғанымен, мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін заттардан және іс-әрекеттерден толық арыла алмай отырғаны анық. Сондықтан, табиғи жағдай үшін  шығыны аз, тиімді техника-технологиялық шешімдерді іздестіру қажет. Ұңғымадан алынған мұнай және газды өндіру, тасымалдау кезінде және сұйық көмірсутегі қалдықтарының апаттардың салдарынан төгілуінің алдын алу және қоршаған ортаға тараған мұнай газ қалдықтарын тез арада жинап, тазарту қажет. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған іс-шараларды одан әрі жетілдіру керек.

Бүгінде адамдар қауіпті қиын жағдайларға көптеп ұшырайды немесе сондай жағдайлардың куәгері болып жатады.

Жыл сайын ТМД елдерінде өндірісте 6 мыңнан астам адам қайтыс болады. Әрбір бесінші қызметкер еңбекті қорғау бойынша нормалар және ережелер талаптарға сай келмейтін жағдайда еңбек етеді. Авариялар, апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулардың салдарынан мемлекеттер көп шығынға ұшырайды. Ал жазатайым оқиғаларға байланысты асыраушыларынан айрылған адамдарға келтірілген моральдік нұқсанды еш нәрсемен салыстыруға келмейді.

Қазақстанда соңғы бес жылда жыл сайын шамамен 2,5 мың жазатайым оқиға тіркеліп отырады, оның ішінде өндірісте 350-400-ге жуық адам опат болғаны бар.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: өндірістік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылмауы; көлік құралдарын, жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы; жеке қорғану құралдарын қолданбау; зардап шеккендердің еңбекті қорғау бойынша ережелер және нұсқаулықтарды, жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістерін жеткілікті білмеуі және өкінішке орай, жұмысшылардың өздерінің өндірістік және еңбек тәртібін бұзуы болып табылады.

Денсаулық және еңбектің қауіпсіз жағдайы, жұмыс беруші мен жұмысшы құқықтарының негізі 2007 жыл, 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі болып табылады. Онда осы еңбек саласында ұлттық саясаттың негізгі қағидаларымен қатар, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары арасындағы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайына жауапты тұлғалардың функциясы, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру реті, ұжымдық және еңбек шарты, жұмыс режимі, өндірістегі зиянды және қауіпті факторлар туралы және басқа да шаралар айқындалған.

Жұмысшының еңбек қауіпсіздігі оның денсаулығы, білімі, жүктелген жұмыс бойынша іскерлігі және біліктілігі, қауіпсіздік талаптары мен еңбек процесіндегі жеке тәртіпті орындауға байланысты анықталады. Өндірістік процесте бұл шараларға жауапты тұлғаның рөлі тек өндірістік тапсырманы орындау ғана емес, міндетті түрде еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтау болып табылады.

Осыған орай біздің білім алып жатқан оқу орнымыз – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау  бағыттарындағы жұмыстар жыл өткен сайын жандануда.

Білікті маман болып шығуымыз үшін біздің оқу орнында арнайы пән оқытушылары білім алушыларға теориялық білім береді, ал өндірістік оқу шеберлері колледжде өндірістік білім берумен қатар,  алған білімімізді әрі қарай жетілдіру мақсатында бізді облыс көлеміндегі «Әлеуметтік» серіктестіктерден өндірістік тәжірибеден өткізуде.

Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі пәнін оқу арқылы және өндірістік тәжірибеден өту барысында үйренгеніміз:

  • еңбек қорғаудың негізгі заңдылық актілерін оқып үйрендік;
  • өндірістік жарақаттану, кәсіби сырқаттанудың себептері мен оның алдын алудың жолдарын меңгердік;
  • өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білдік;
  • жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық;
  • жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бақылаудың құралдары мен оны пайдаланудың әдістерімен таныстық;
  • еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарымен таныстық.

Сондай-ақ, еңбек қорғау жөніндегі ұжымдық шарт жасауды, еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау жасаудың жолдарын, еңбек қорғаудың шараларын жоспарлауды, өндірістік жарақаттанудың, жазатайым оқиғалар мен кәсіби сырқаттанудың себептерін анықтап, олардың алдын алудың жолдарын, жеке-дара қорғану құралдары мен арнайы киімдердің қажеттілігін анықтауды үйрендік.

Өндірістік оқу шебері  «Мұнай және газ алатын операторы» мамандығы бойынша өндірістік сабақ кезінде және өндірістік тәжірибе алдында еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқаманы оқытып, арнайы дәріс беріп отырады. Колледжде төтенше жағдайларға байланысты өткізілген оқу-жаттығу жұмыстары барысында, оның ішінде  «Мұнай және газ алатын операторы» мамандығы бойынша колледж білім алушылары арасында өткізілген сайыстарда еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі ережелері міндетті түрде сақталып отырады.

Мұнай және газ кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл фракцияланының шығуынан болатын бу, ауа қоспаларынан күшті жарылыстар, дауылды желдер, мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен көлемді өрттер болуы мүмкін. Фенол, метанол, қышқыл сілті және тағы да осы сияқты күшті әсер ететін уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайларға жеткізуі мүмкін.

Негізгі экологиялық проблемаларға ұңғымадағы жер асты апаттарынан болатын су горизонттарының ластануы мұнайдың құрғақ жерлер мен су қоймаларына төгілуі газдың ұңғыма сағасына және резервуарлардың тыныс алу клапандарынан шығуы, ағын сулардың су қоймаларына жылжуы, алаулардағы газдың тез түзе отырып, толық жанбауы сияқты факторлар жатады.

Сондықтан жоғарыда аталған өндірістік қауіп – қатерлерді, төтенше жағдайларды және экологиялық проблемаларды жою мақсатында кен орындарында өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде жұмысшылар мен инженерлі техникалық кешенді қорғау бойынша, қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша іс-шаралар жүргізілуі тиіс.

Жақыпова Жайна Жақыпқызы

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Шиелі индустриалды-аграрлық

колледжінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.