Home » Жаңалықтар » Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік

Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік

Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың аман-саулығы – бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі.

Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – бәрімізге ортақ мүдде.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілермен тығыз байланыста ғана жұмыс істейтін оқу орны өзінің басты-жоғары кәсіби даярлыққа және еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті маманды даярлау білім мен ғылымның және өндірістің кіріктілуіне негізделеді.

Тек осы үшін одақтың бірлігі ғана нарық талаптарына жауап беретін маман дайындау мүмкіндіктерін іске асыра алады.

Әлеуметтік серіктестік оқу орны үшін  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады; ол қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат алу; мамандарды дайындауда жұмыс берушінің талаптарын ескерту; олардың талаптарына жауап беретін жаңа оқу бағдарламасымен жұмыс жасау; бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту;

Міне, осындай талаптарды басшылыққа ала отырып, «Марсель Петролеум» ЖШС пен белсенді әріптестік әрекетін жүзеге асыру барысында Меморандумға қол қойылды.

Білікті маман болып шығу-колледжде алған теориялық білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында өндірістік тәжірибеден өтуді аудан көлеміндегі «Әлеуметтік» серіктестіктер мен ірі кәсіпорындар «Марсель Петролеум» компаниясы бас директоры М.Нәлібаев, № 6 Кен басқармасы ЖШС директоры, Т.Назаров, «Реммонтаж Сервис» ЖШС филиал директоры С.Қызылбаев, АҚ «Волковгеология» ГРЭ-23 филиал директоры Қ.Қойгелдиев, КРЭК Шиелі электр желісін тарату мекеме басшысы Е.Тұрсынбаев, «Сырдария» тігін фабрика ЖШС директоры Н.Сарбупин, «Болашақ-Шиелі» оқу орталығы директоры Е.Бердібаев,  «Жаңа Бестам» ЖШС директоры Б.Қошқаров, «Реммашқұрылыс» ЖШС директоры М. Жаңабатыров «Жиделі топтық су құбыры» директоры Е.Ақбергеновтермен тығыз байланыс жасай отырып, келісім-шарт негізінде «Компрессор қондырғы машинисі», «Газэлектр дәнекерлеуші», «Өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электромонтеры», «Ауылшаруашылығы өндірісі шебері» (фермер)», «Тас, кірпіш қалаушы» мамандықтары бойынша арнайы пән мұғалімдері мен оқу-өндіріс шеберлерінің біліктілігін арттыру мақсатында тағлымдамадан (стажировкадан) және оқушылар өндірістік тәжірибеден өтуде.

Қазіргі таңда ұлттық экономикамыздың қарқынды дамуына және Шиелі ауданында уран және жаңа мұнай газ кеніштерінің ашылуына сәйкес «Мұнай газ алатын операторы», «Геотехнологиялық скважина операторлары» мамандығын дайындау қажеттілігі туындауда. Осы мақсатта «Марсель Петролеум» ЖШС әлеуметтік серіктестік ретінде Шиелі кентіндегі №11 Шиелі кәсіптік лицей базасында мамандар даярлау орталығын ашуға дайындық жұмыстары жүргізіліп, 2011-2012 оқу жылына «Мұнай газ алатын оператор» мамандығы бойынша 25 оқушы І курсқа қабылданып, дәріс алуда.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарын басшылыққа ала отырып және Қызылорда облысының әкімімен келісілген Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына 16.06.2011 жылғы жасалынған Меморандумға сәйкес «Марсель Петролеум» ЖШС колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2,0 млн. теңгенің көлемінде жаңа үлгідегі 10 компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталған методикалық кабинет ашылды, оқушылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне, оқу тәжірибе шаруашылығына қатынауына оқушыларға 4,360 млн.теңгеге ПАЗ 32054 2011 жылы шыққан жаңа автобусты сыйға тартты колледждің кіре берісін жаңалап, спорт залдың барлық есік-терезелерін пластикалық терезелерге ауыстырды. Аспаз мамандығы бойынша жаңа оқу кабинеті мен зертханасы дайындалып, қажетті құрал-жабдықтар, мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізуге видео проектор мен жоғарғы мегаватты дыбыс күшейткіші бар музыкалық аппаратуралар алынды және компанияның көмегімен 5 млн. қаржыға 25 оқушыны қайта даярлық арқылы «Мұнай және газ алатын операторы» мамандығы бойынша мамандар даярланып, бітірген түлектер жұмысқа орналасуда. «Марсель Петролеум» компаниясы колледжге 21 млн.теңгенің демеушілік көмегін жасады.

 «Білім-сахарада дос, өмір жолындатаяныш, жалғыздықта жолдас, қуанышта бастауыш, қайғылы кезде медет, дұшпаныңмен күресте қару, зұлымдықтан құтқаратын амал-айла»,-деп ата-бабамыз өсиет еткен. Осындай өсиет сөздердің түп тамырын, мән-мағынасын түсіне білетін білімді мамандар даярлауға өз үлесін қосып, материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушыларды өндірістік тәжірибеден өтуді, оқытушылар мен оқу-өндіріс шеберлерінің біліктілігін көтеру мақсатында әріптестік көмек беріп отырған «Марсель Петролеум» ЖШС бас директоры Махмуд Ыбырайханұлына алғысымыз шексіз. Келешекте де ынтымақтастығымыз артып, Отанымыздың келешегі жас мамандар даярлауда бірлесе отырып, жұмыс атқаратындығымызға сеніміміз мол.

Жақыпова Жайна Жақыпқызы

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Шиелі индустриалды-аграрлық

колледжінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.