Home » Ашық сабақтар » Көңілді старт

Көңілді старт

Кайбалдеев Ильдар Турмуханбетович

Маңғыстау облысы, Облыстық санаторлық мектеп-интернат

балабақшасының дене шынықтыру мұғалімі

 «Дені саудың- жаны сау»

Мақсаты:

  1. Балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
  2. Балаларды адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттері мен қатар психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру.
  3. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

Қолданылатын құралдар: доптар, кегли, гимнастикалық орындық, гимнастикалық қабырға, қап, арқан.

Сабақ түрі: эстафеталық жарыс.

Сайыстың барысы: балабақша спорт залында көңілді әуен ойнап тұрады.

Балалар әуенмен спорт алаңына бір қатар түзіп кіреді.

— Құрметті ойыншылар, апайлар, әділқазылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі эстафетаға екі топ қатысады: «Барыс» және «Тұлпар»   (екі топқа бөлініп тұрады).

— Топтар өздерін таныстарады.

— Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстыру.

— Бүгінгі жарысымызды бастамастан бұрын, жалпы жаттығуларды орындаймыз.

1) Б.қ. Аяқтары   алшақ, екі қолды  белге қояды. 1-4 деп бастарын оң және сол жаққа айналдырады.

2) Б.қ. Аяқтары алшақ, оң қолдарын жоғары көтеріп, сол қолдарын төмен түсіріп, қолмен керіледі 1-2деп, 3-4 дегенде қолдарын ауыстырады.

3) Б.қ. Аяқтары алшақ, қолдарын белге қояды,белді оңға солға айналдыру, 1-4 деп.

4)  Б.қ.  Аяқтары сәл алшақ, қолдары белде, отырып түру.

5) Б.қ. Аяқтарын қосады, бір орында секіреді,1-4 деп.

— Жарайсыңдар, ал енді  бүгінгі жарысымызды бастайық.

Жарыс түрлері:

  • «Допты жалғастыр».
  • «Айналма жүгіру».
  • «Жыланша иілу».
  • «Қаппен секіру».
  • «Арқан тартыс»
  • Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!

«Допты жалғастыр».

  • Балалар бір қатарға, қол созымды жердей, бірінің артына бірі түрады, бірінші тұрған бала допты басының үстінен екінші балаға жалғастырады. Соңғы допты қабылдаған бала, екі аяқтың ортасынан кері қарай жалғастырады. Қай топ бірінші аяқтайды сол жеңіске жетеді.

«Айналма жүгіру».

Балалар сапқа тұрады. Бірінші тұрган кеглиге дейін жүгіріп, орнына келеді, сосын осы бала қайта екінші қатардағы кеглиге жүгіріп, орнына қайта келеді, үшінші жүгіргенде гимнастикалық қабырғаға қол соғады да екінші балаға эстафетаны береді. Осылай топтағы балалардың бәрі айналып жүгіріп келеді, кім бірінші аяқтайды сол топ жеңіске жетеді.

-«Жыланша иілу».

Гимнастикалық орындықтың үстімен жыланша ірелеңдейді, жерге түсіп

айналады да, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді. Кері тобына қарай

жүгіріп келеді. Келесі балаға эстафетаны жалғастырады.  Кім бірінші

аяқтайды сол топ жеңіске жетеді.

  • «Қаппен секіру».

Балалар қап ішіне орналасады, алдында тұрған нысанаға дейін секіріп барып, секіріп келеді, эстафетаны келесі қатысушыға береді.  Қай топ бірінші аяқтайды, сол жеңіске жетеді.

  • «Арқан тартыс»

Арқанды өз жағына тартып  шығарған топ жеңіске жетеді.

  • Керемет, жарайсыздар, осымен біздің сайсымыз аяқталды. Әділқазылар өз шешімін шығарғанша, балалардың биін тамашалауға шақырамын.
  • Сөз кезегі әділқазыларға беріледі, балалар марапатталады, әуенмен залдан шығады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.