Home » Сценарийлер » Жігіт сұлтаны /сайыс/

Жігіт сұлтаны /сайыс/

Шәкір Айнагүл Бахытжанқызы

Астана қаласы, № 15 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

  1. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
  2. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайдтар, шарлар.

Байқауға қатысатындар: 1 «ә»  сыныптың ұлдары

Байқау барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

Фарфар ойнатылады. Екі жүргізуші шығады.

1 – жүргізуші: Айзере

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар!  Іңкәр, біздің сыныпта «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

2– жүргізуші: Іңкәр

Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,

Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.

Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,

О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.

1 – жүргізуші: Айзере

Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз. – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! (Байқауға қатысушы топтар ортаға шығады) Қарсы алыңыздар!   («Біздің жігіттер» әні ойнатылып тұрады.)

 

Бірге: Қарсы алыңыздар! Айзере, Іңкәр

 

2 –жүргізуші: Іңкәр

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 – жүргізуші: Айзере

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң…» топтар өздерін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.

IV бөлім «Спорттық жарыс, жерден тартылу»

V бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

 2 – жүргізуші: Іңкәр

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, — дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Айзере, жігіттерімізге сәттілік тілейік.

1 – жүргізуші: Айзере

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерінің топтарын  таныстырып өтеді. ( Топ жігіттері өздерін таныстырады)

 

2- жүргізуші: Іңкәр

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен  жігіттер кезектесіп,

Таныстырып топтарын өтер деймін.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бірінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз.

1 – жүргізуші: Айзере

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

2 жүргізуші: Іңкәр

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр істі біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып, — дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

1 – жүргізуші: Айзере

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты. (Жігіттер өз өнерлерін көрсетеді.)

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, екінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз.

2 – жүргізуші: Іңкәр

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы бойынша сұрақтар беріледі. Кеспе қағазға сұрақ беріледі.

1.Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
2.Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1.      Түйе – Ойсылқара
2.      Жылқы – Қамбарата
3.      Қой – Шопаната
4.      Ешкі – Шек-Шеката
5.      Сиыр – Зеңгі баба
3. Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.
1.Қаңтар                                    7. Шілде
2. Ақпан                                     8. Тамыз
3.Наурыз                                    9. Қыркүйек
4. Сәуір                                      10. Қазан
5. Мамыр                                    11.Қараша
6.  Маусым                                 12. Желтоқсан

  1. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін  түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
5. Үш  жүз:  Ұлы, Орта, Кіші
6. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
7. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

  1. «Қыз қуу» ойыны қалай ойналады?

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, үшінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз

1 – жүргізуші: Айзере

Әй, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт.

Атыңа ерік бер, жігіт.

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында жерден тартылу, қол күрес сайысы.

— Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

 2— жүргізуші: Іңкәр

Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы.

Пародия-жаңа туған жас сәби,

Көпен деген ағамыздың баласы.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бесінші бөлімінің қорытындысын айтып өтеміз.

 

1– жүргізуші: Айзере

Іңкәр, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өз мәресіне  жетті.

 

2 – жүргізуші: Іңкәр

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

 

1 – жүргізуші: Айзере

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

  1. Бас жүлде –«Жігіт сұлтаны – 2017ж»
  2. «Дарынды жігіт»
  3. «Сегіз қырлы, бір сырлы — жігіт».
  4. «Өнерпаз жігіт»
  5. «Шешен жігіт»
  6. «Алғыр жігіт».
  7. «Шымыр жігіт».

2– жүргізуші: Іңкәр

Бүгінгі жігіттеріміздің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.