Home » Жаңалықтар » Білім шуағы

Білім шуағы

2017 жылы мамырдың 12 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінде «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Бақ және әлеуметтік желімен жұмыс жасау» тақырыбында семинар трениг болып өтті.

«Білім айнасы» газетінің журналист-менеджері Аллабергенова Мадина ұстаздарға «Мақала дегеніміз не?» деген сұрақты қойғанда, ұстаздар өз пікірлерін білдірді. Семинар барысында педагогтар мақала жазу ережелері, түрлері, міндеттері, сондай-ақ тақырыпқа байланысты бейне материалдарды дұрыс қолдану жолдарын жан жақты үйренді. Бақ және әлеуметтілк желіде жұмыс жасау арқылы педагогтар білім саласындағы тәжірибелерін бөлісе алады. Сондай-ақ қазіргі таңда шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерді мақала жариялау арқылы шешуге болатынына тағы бір рет көз жеткізді. Сонымен қатар білім саласындағы жаңалықтарды, ұстаздармен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын БАҚ беттерінде үнемі жариялап отыруға жол ашты.

Қорыта айтқанда, семинардан мұғалімдердің алар әсері мол болды. Тренингтен алған жаңа білім нәтижесінде мұғалімдерің мақала жазуы, ұстаздарды ынталандырады, сондай-ақ ой-өрісі кеңейіп, шығармашылығы дамиды.

Ұстаздар тренингті ұйымдастырушы «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Катшабаев Қуантай Амантайұлына алғыс айтты.

Шымкент қаласы, А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінің ұжымы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.