Home » Жаңалықтар » Кәсіби-техникалық білімге назар аудару керек — Старр

Кәсіби-техникалық білімге назар аудару керек — Старр

Астанада 28 қараша күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған әлем елдерінің жетекші саясаткерлері қатысуда. Солардың бірі — Финляндия парламенті төрғасының бірінші орынбасары Маури Пеккаринен екі ел арасындағы мәдени байланыстар туралы айтты.

«Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап екі ел мәдени байланыстарын күшейтті. Тәуелсіз Қазақстан басшысы 1992 жылы біздің елге алғашқы сапарымен келген еді. Сол кезде сыйланған жылқы Финляндияда ұзақ өмір сүрді. Оны көріп, көпшілігі атқа мінуді үйренгісі келді. Сол кезден бастап екі ел біліммен де, тәжірибемен де алмасып келе жатыр», — деді Маури Пеккаринен.

Форум барысында Дж. Хопкинс университетінің Орталық Азия жән Кавказ бойынша институттың төрағасы Фредерик Старр Қазақстанның алдағы 25 жылдағы даму жолын болжады.

Сарапшының айтуынша, табысты ел болу үшін экономиканы реформалау қажет.

«Қазақстан табысты ел болу үшін экономика мықты болуы керек. Мысалы, 10 жылдан кейін шағын және орта бизнес көбейсе, дүкендер мен «Хан Шатыр» секілді орындардың иесі шетелдіктер емес, қазақстанықтар болса, жақсы болушы еді», деді Старр.

Сонымен қатар ол кәсіби-техникалық мамандықтарды оқытуға баса назар аудару керектігін айтты.

«Қазақстан қазір маңызды мәселелерді көтеріп жатыр. Солардың бірі — білім. Соның ішінде кәсби-техникалық білімге назар аудару керек. Оның қоғамға берері көп», — деді Старр.

Сонымен қатар сарапшы мемлекет халықаралық аренада белсенділік таныту керектігін айтты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.