Home » Жаңалықтар » Тұңғыш Президент музейі көшіп барады

Тұңғыш Президент музейі көшіп барады

img_9347            2016 жылы қарашаның 30-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің қызметкерлері «Жібек жолы» (Новоалександровка) ауылындағы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебіне көшіп барды. Ондағы мақсат – өздерінің 2012 жылдан бері бастау алған тың жобалары «Тарихи таңдау» атты көшпелі экскурсия өткізу. Бұл іс-шараға сол аймақтағы екі мектеп ұстаздары мен оқушылары қатыстып, Тұңғыш Президент жайында мағлұматтар алды. Президенттің өмірбаяанын және 1991 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Президенті лауазымына сайланғандығына арналған дәрістерді музейдің арнайы мамандары Шоткина Әсел Қанатқызы, Аубакирова Жадыра Бейбітқызы және Жумахметова Жанат Кеңесқызы өткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің қызметкерлері ұстаздар мен оқушыларға үш тілде басылып шығарылған  «Көшпенділер» кітабын сыйға тартты.

Тыңнан түре салған Тұңғыш Президент музейі қызметкерлерінің бұл бастамасын ұстаздар қауымы жақсы қабылдап, өз тілектерін білдірді.

Ильина Елена Петровна:

Құрметті Тұңғыш Президент музейі директорының орынбасары, Куляйша Кабдуалиевна, осы іс-шараны ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Біздің оқушыларымызға өздеріңіз келіп Президентіміз жайында музей мамандары дәріс бергені үшін рақмет. Осы ұжымға, басшыларыңызға толағай табыс тілейміз. Жиі келіп тұруларыңызға тілектеспіз.  

img_9379 img_9437 img_9432 img_9373 img_9364 img_9338 img_9361

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.