Home » Жаңалықтар » Павлодар облысында «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясы аяқталды

Павлодар облысында «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясы аяқталды

Павлодар ауданы «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясын аяқтады. Мұнда акция барысында ауданның он бір ауылының 47 баласына консультативтік көмек көрсетілді. Барлық қатысқан ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып мамандардың жұмыстарына риза болды.

Осылайша, облыс білім беру басқармасының бастамасымен өткізілген «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясы аяқталды. Акция қорытындылары бойынша жалпы сөйлеу тілі дамымаған 571 балаға ертерек түзету көмегі көрсетілді.

Акция жұмысына психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшылары, логопедтер, невропатологтар қатысты.

Әр ата-анаға «Артикуляциялық гимнастика», «Тыныс алу гимнастикасы», «Шағын моториканы дамыту», «Тіласты байламдарын созуға арналған жаттығулар» бойынша ұсыныстары бар буклеттер табыс етілді.

Аталған акция сөйлеу тілі бұзылған көптеген балалардың ата-аналарына тәжірибелі мамандардан тегін консультация алуға мүмкіндік берді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.