Home » Жаңалықтар » Жаңа білім беру жүйесі

Жаңа білім беру жүйесі

Біз жаңа қоғам талабына сай білім беру жүйесін жүсеге асырудамыз. Ол 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу. Мен Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «б» сынып оқушысымын. Білім жайында ойымды айтпақпын. Мені 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшу толғандырады. Сабақта апай жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бізге өз бетімізше білім алуға үйретеді.
Түрлі тапсырмаларды орындау барысында сабаққа деген қызығушылығымыз, ынта-жігеріміз артады. Бұл осы 12 жылдық білім берудің тиімділігі деп ойлаймын. Қазірден бастап мектеп қабырғасынан мамандық таңдай білуге дұрыс бағыт беретініне көзім жеткендей. Өзім дәрігер мамандығын ұнатамын. Болашақта осы мамандық иесі болу арманым. Біз – еліміздің болашағы, тірегіміз. Сондықтан өзімді бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуге міндеттеймін. Мектеп мен үшін сапалы білім, саналы тәрбие алатын білім ордасы. Қазір кішкентай болсам да, өзімді-өзім қалыптастыру керекпін деп ойлаймын. Мен бүгін өзімнің балалық сөзімді беремін.

Ертіс Мөлдір,
Павлодар қаласы
2 «б» сынып оқушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.