Home » Жаңалықтар » Ұстаз ұлағатты ұғым

Ұстаз ұлағатты ұғым

«Ұстаз» деген сөз әр балаға қасиетті, қадірлі. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Мұхтар Әуезов айтқандай «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау», балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасаған мұғалімнің еңбегі ешқайда кетпейді деп ойлаймын.
Мен «Сауран» атты балалар мен жасөспірімдер клубындағы ағылшын тілі үйірмесіне қатысамын. Үйірме жетекшісі – Карашашева Айгуль Канатовна. Үйірмеге қыркүйек айынан бастап барамын. Сабақ ағылшын тілінде түрлі ойындар, мультфильмдер көрсетіліп, өлең шумақтарын жаттау арқылы қызықты өтеді. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екенін білемін. «Сауран» клубында сурет салу, әр түрлі спорт, би, қолөнер үйірмелері бар.
Айгуль Канатовна әр баланың жан дүниесін түсіне алатын ұстаз. Мен үйірмеге қуана, құлшына барамын. Айгүл мұғалімдей өз ісінің білікті маманы дәріс беріп, білімділікке тәрбиелегені мен шін үлкен мақтаныш.

 

Жакупова Данель,
Павлодар қаласы
4 «ә» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.