Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

 

Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы-бастауыш саты. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді, ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып мұғалімінің орны ерекше.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларды болашақ өмірдегі қиындықтарды еңсере білуге дайындау. Баланы өмірде кез-келген ситуациядан шыға білуге дағдыландыру. Оқытудың түрлі әдістерін қолдану мұғалімге әр оқушының қалауын және даралығын ескеруге мүмкіндік береді. Мұғалім «тек бір ғана дұрыс көзқарас бар» деген ойдан бас тартса болғаны, сыныпта қанша бала болса, сонша пікір пайда болады.   Балалардың білімдеріндегі, дүниетанымдарындағы айырмашылықтар бірден айқын бола бастайды.

Алуан түрлі пікірлер мен көзқарасты қабылдап, бағалай білу бағдарламаның айнымас шарты және оның негізгі принципі. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының 8 тәсіліне қысқаша тоқталайық.

  1. Белсенді оқу

Өз тәжірибесінің негізінде үйрену.

  1. Бірлескен оқу

Құрылымдалған топтық жұмыс.

  1. Саралау

Әр оқушының оқудағы деңгейіне қарай тапсырманы іріктеуі.

  1. Пәнаралық байланыс

Оқу пәндері арасында байланыс орнату.

  1. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Оқушыға не керек екенін білу керек.

  1. Оқу диалогтері

Оқу әңгімелері, өзара әңгімелесу.

  1. Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану

АКТ технологияларды пайдалану.

  1. Модельдеу

Қолмен құрастырып соны модельдеп айту.

Осы тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының нәтижесінде-тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен тіл табысатын оқушылар дайындалады деп ойлаймыз.

Қарасай ауданының бастауыш сынып мұғалімдері:

Инкарбекова Гулзада

Сайлыбаева Гульмира

Джамашева Жанар

Серикова Анар

Балиева Жанат

Сейлханова Гуляйм

Сарбасова Куляйхан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.