Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 24.04-12.05.2017 ж. аралығында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжанқызының өткізуімен үш апталық курсты толық меңгерудің сәті түсті.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар жаңа технологияларды меңгеріп, оны тиімді пайдалана білуі керек. Бағдарламаның негізгі мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Қай кезеңде, қай заманда, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Оқу бағдарламасындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы жаңартылған бағдарлама бойынша өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, сыни тұрғыдан ойланатын ұрпақ тәрбиелеу – ұстаз қолында. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемді тану тілі болғандықтан үштұғырлы тіл саясатты қоса алып жүреді. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып, технологияны меңгеру оны қолдана білу керектігін қажет етеді. Бір сөзбен айтқанда жаңартылған оқу бағдарламасынан үйренгеніміз де, үйренетініміз де көп.
Қорыта айтқанда, «Ұстаз оқуды, ізденуді қойса мұғалімдігі жойылады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай үздіксіз ізденіспен болашақта қабілетті оқушылар тәрбиелейміз. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізін ұстана отырып білім өмірінде іске асырамыз. Жаңартылған бағдарлама осы ісімізге, болашағымызға кепіл.
Қарасай ауданының
бастауыш сынып мұғалімдері:
Бекбаева Лиза
Азамбекова Индира
Джусипбаева Багдаш
Бегалиева Мария
Арифова Жанар
Құсайынова Күлбаршын