Home » Жаңалықтар » Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты — педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту

Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты — педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту

2017-жылдың 27-сәуірінде «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Қазақстандық білім беруді жаһандандыру жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Конференция жұмысын  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор М.А. Галимжанова алғы сөзбен ашты.

Конференцияның өткізуінің басты мақсаты: заманауи білім беру жүйесінің  басты міндеті —  педагогикалық тәжірибенің жаңа негізін қалайтын үшінші мыңжылдықтың орта білім беру мектебінің жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыратын жоғары білікті педагог мамандарды дайындау мәселесін шешу бағытында озат тәжірибелермен, пікірлермен бөлісу.

Конференцияға жетекші ғалымдар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының  қызметкерлері,  білім беру жүйесіндегі мекеме мамандары, әдіскерлер, мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің педагогтары арасынан барлығы — 82 адам қатысты.

Конференция жұмысына қатысушылар білім беру мәселелері бойынша өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеуде өз көзқарастарын, құнды пікірлерін, ойларын, идеяларын, озат педагогикалық іс-тәжірибелерін таратуда, білім беру жүйесінің заманауи нысандары мен әдістерін насихаттау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция жұмысын институттың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары, ҚР Білім беру үздігі О.М. Ташмуханова қорытындылап, конференция жұмысына қатысушыларыға сертификаттарды табыстады.

Оn-line конференция қатысушыларының мақаларынан жинақ ретінде топтап шығарылуда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.