Home » Айтарым бар » Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген.

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды.

Көкшетау қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында ұйымдастырылған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» атты үш апталық курсын және «ҚР Бастауыш білім беру жалпыға міндетті кәсіби құзыреттілікті дамыту» тақырыбы аясында екі жұмалық курсын оқып шықтық. Курс оқуларын бастаған сәттен жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық, өте көп жаңалықтар алдық. Білім беру бағдарламасы туралы түсінгеніміз бен ұғынғанымыз мол. Топ жетекшіміз Аенбаева Аяжан Ешимбаевна және Сагындыкова Гүлдана Мырзабековна бізді жақсы қарсы алып, осы өтілген курста баршамызды біріктіріп, бірлесе жұмыс істеу жолдарын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып отырды. Елімізде осындай ұлағатты білімді, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұстаздар саны көбейсе, мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған болашақ жасөспірім оқушыларының білімі сапалы да саналы болатынына сеніміміз мол. Бұл аталып өтілген ұстаздарымыздың сабақтары өте тартымды, әрі қызықты, әсерлі өтеді. Біз аталмыш курсқа келіп, осындай алтын жанды аяулы ұстаздардан білім алғанымызға қуаныштымыз. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында қызмет атқаратын барлық ұстаздарға алғысымыз шексіз. Осы бағдарлама бойынша былтырғы оқу жылынан бастап оқушыларға білім берудеміз. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекеленген пәндер бойынша қиындықтар да кездесті. Атап айтсақ, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен кезекші сөздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан оқушыларда тілге төселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар мен саралау жұмыстары жүргізілуде. Алған білімімізді өз сабағымызда қолдана отырып, бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың стратегияларын тиімді пайдаланамыз. АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйренудеміз.

Қорыта келе, бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай нәтиже аламыз деп сенеміз.

 

                                                                                            Бекжанова Сандугаш

Айдарлы негізгі мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Мухаметжанова Аксауле

Көкшетау қаласы, 19 мектеп,

Вайсова Майра, Сулейменова Айтолқын

Бестюбе орта мектебі,

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

Буркутбаева Алтын

Қоғам орта мектебі,

Еңбекшілдер ауданы

Сманова Айнагуль

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.