Home » Жаңалықтар » Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің тұсауы кесілді

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің тұсауы кесілді

Қазақтың арда ұлдарының бірі айтыскер ақын, аудармашы, драматург Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында  бүршігін жаңа жарып, көктемдей құлпырып келе жатқан жастардың қауызын аршуға арналған жас ақындар мектебінің тұсауы кесілді.

Ақындар мектебінің лентасын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы мен Айтыскерлер және жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман  қиды.

 

Ақынның мерей тойына Астана қаласынан Ерік Асқаровтың асыл жары Нәсіпжан апай және бала-шағасы келіп қатысты. Сонымен қатар мектептің ашылу салтанатынан кейін «Қайың да мені көшпейтін туған өлкемнен» тақырыбында республикалық ғылыми конференциямен жалғасты. Ғылыми конференцияға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ф.ғ.д. Жұмағұл Сағымбай мен ф.ғ.к. Кемеңгер Қайырбек келіп ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, Ерік Асқаровтың шығармашылығына ғылыми бағасын берді.

Конференция соңында Петропавл қаласының орталық көшелерінің біріне ақынның есімі берілсін деген тұжырым жасалды. Қазақ халқы «жігітке жеті өнер де аз», — дейді. Бар өнерін халқына арнаған, от тілді, орақ ауызды ұлдары Ерік атына не берседе лайықты. Ортамызға қайта тіріліп келгендей болғаны,  Асқаров шығармашылығының өміршеңдігі, деп білеміз.

 

Көкбасқызы Жазира
«Білім айнасы»
Солтүстік Қазақстан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.